Еуромайданды еске алу және жыл құстарының көші

Нью-Дели маңындағы Джамна өзенінің бойында жыл құстарын суретке түсіріп жатқан үнді әйелдері

5 жыл бұрын Еуромайдан кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алу тақтасына ер адам гүл қойып жатыр. Киев, 21 қараша 2018 жыл

Пайғамбардың туған күніне орай Үндістанда өткен діни мереке кезінде дәстүрлі қамыр сатып жатқан сатушы

Ел атауын өзгертуге қарсылық танытқан Македония азаматтарының бірі. Бұған дейін ел парламенті және Греция билігі елді Солтүстік Македония деп атау туралы келісімге келген. Кейбір азаматтар бұл шешімге қарсы. Скопье, 18 қараша 2018 жыл
 

Калифорния штатындағы Парадайз елді мекенінде өртенген үйлерден қалған үйінді жанынан өтіп жатқан бала. 18 қараша 2018 жыл

Кабул төбесінен қарап тұрған ауған бала