Подгорицадағы қақтығыс

Черногория парламентіне шерумен бармақ болған наразылар полициямен қақтығысып қалды. Подгорица, 17 қазан 2015 жыл.

Шеруге шыққан наразылар мен олардың жолын бөгеп тұрған полиция күші.

Бұның алдында сенбі күні полиция оппозицияның парламенттің алдына тіккен шатырларын алып тастап, ондағы наразыларды күшпен таратқан. Бұдан соң демонстранттар шеру өткізуді ұйғарған.

Шеруге шыққан демонстранттар жолын бөгеген полиция шебін бұзып-жарып өтуге әрекет жасады.

Бірақ полицияның қалың күші демонстранттарды парламент жаққа өткізген жоқ.

Наразылар полицияға қарсылық танытып, кейбіреуі оларға қолындағы бөтелкені лақтырды.

Наразылар Черногория премьер-министрі Мило Джукановичтің отставкаға кетуін және елде жаңа сайлау өткізуді талап еткен.

Үкіметке наразылар шеруінің жолын бөгеп тұрған Черногория полициясы.