Сербиядағы Путинге махаббат

Путиннің суреті бар мына киімде "Косово Сербиянікі, Қырым Ресейдікі" деп жазылған.  

Владимир Путиннің портретін аласыз ба, Джастин Бибердің суретін таңдайсыз ба? Мұнда Путин бейнелерімен қатар Лондонның "Арсенал" футбол командасының да таңбасы тұр.  

Мұндағы "Путин" "Доктор Дабичпен" қатар тұр. "Доктор Дабич" аталып кеткен Босния сербтерінің бұрынғы лидері Радован Караджич 13 жыл соттан қашып жүрді. Ол 2008 жылы ұсталған еді.  

"Ресей мен Сербия - аға мен бауыр". Киімдегі бұл сөздің ортасында Ресей мен Сербия гербтеріндегі бүркіттер қосарлана бейнеленген.  

"Серб халқы Путинге риза". Екінші киімде ""Олимпиада аяқталды, бірақ ойын енді басталды" деп жазылған. 

Әскери киім киген Путин. Оның екі жағында тағы сол "бүркіттер". 

"Маңғаз адам". 

Тоңазытқышқа жапсыратын магниттер.