Азаттыққа - 60 жыл

"Азат ету" (Азаттық радиосының бастапқы атауы) радиосы орналасқан ғимарат. Мюнхен, 1953 жыл.

Азаттық радиосының телетайп (мәтіндік хабарлама жіберетін аппарат) операторы. Сурет 1950 жылдары түсірілген.

Композитор Вернон Дюк (сол жақта) Азаттық радиосының тілшілері Виктория Семенова (ортада) мен Михаил Коряковқа сұхбат беріп отыр. Мюнхен, 1955 жыл.

АҚШ президенті Франклин Рузвельттің жұбайы, құқық қорғаушы Элеонора Рузвельт 1950 жылдары Азаттық радиосының тілшісіне сұхбат беріп тұр.

Азаттық радиосының тілшісі Валериан Оболенский. Сурет 1950 жылдары түсірілген.

Азаттық радиосының басқару орталығының бөлмесі. Мюнхен, 1964 жыл

Азаттық радиосының техникалық бөлімінің жетекшісі Ричард Джюэл Тэнксли (сол жақта) қонақтарға басқару орталығы бөлмесін көрсетіп тұр. Мюнхен, 1964 жыл

Азаттық радиосының редакторы Фрэнсис Рональд АҚШ-тағы қара нәсілділердің азаматтық құқығын қорғау қозғалысының жетекшісі Мартин Лютер Кингтен нәсілдік теңдік жайлы сұхбат алып отыр. 1966 жыл.

1976 жылы Азат Еуропа радиосы мен Азаттық радиосы қосылды. Штаб-пәтері Мюнхендегі "Ағылшын саябағында" орналасты.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Мюнхендегі басқару орталығы. Сурет 1980 жылдары түсірілген

Азат Еуропа/Азаттық радиосының қазіргі штаб-пәтері. Прага, 27 ақпан 2013 жыл.