Азаттық радиосы. 70 жыл
Азаттық радиосы жүйесіндегі телетайп операторы. 1950-жылдардағы сурет.
1953-1966 жылдар аралығында Азаттық радиосының орталық кеңсесі орналасқан бұрынғы аэропорт ғимараты. Мюнхен, Батыс Германия.
Композитор Вернон Дюк (Владимир Дукельский) Азаттық радиосының тілшілері Виктория Семенова (ортада) мен Михаил Коряковқа (оң жақта) сұхбат беріп отыр. Мюнхен, Батыс Германия, 1955 жыл.
АҚШ президенті Франклин Рузвельттің зайыбы, құқық қорғаушы Элеонора Рузвельт Азаттыққа сұхбат беріп отыр. 1950-жылдары түсірілген сурет.
Азаттықтың Орыс қызметі тілшілерінің бірі Валериан Оболенский. 1950-жылдары түсірлген сурет.
Совет өкіметі Азаттық радиосы хабарларын жұрт естімеуі үшін арнайы толқын тұншықтырғыш құралдарды белсенді пайдаланды. Бұл құралдар 1985 жылғы сәуірде Совет Одағында билік басына келген Михаил Горбачевтің қайта құру саясаты кезінде, 1988 жылы жұмысын тоқтатты.
Азат ету радиосынан Азаттық радиосына айналған кез.
Қарыс Қанатбай – Азаттық радиосы Түркістан редакциясын құрушылардың бірі. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.
Азаттық радиосының қызметкері Баймырза Хаит (сол жақта) пен ақын Хамза Абдуллин. Алматы, 1995 жыл. Екеуі де Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп, "Түркістан легионында" болған. Сурет Хасен Оралтайдың жеке қорынан алынды.
"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.
"Бостандық радиосы" кезінде бас редактор болған ақын Мәулікеш Қайбалдының "Қайғы" атымен әзірлеген жаңалықтары. Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан.
Радионың техникалық бөлімінің жетекшісі Ричард Джюэл Тэнксли (сол жақта) басқару орталығын көрсетіп тұр. Мюнхен, Батыс Германия. 1964 жыл
Азаттық радиосының қызметкері Фрэнсис Рональд АҚШ-тағы қаранәсілді адамдардың құқығын қорғаушы қоғам қайраткері Мартин Лютер Кингтен (сол жақта) сұхбат алып отыр. 1966 жыл
1976 жылы Азаттық радиосы мен Азат Еуропа радиосы бірікті. Сол кездегі радионың Мюнхендегі "Ағылшын бағындағы" штаб-пәтері.
Радио өз тарихында түрлі кезеңді бастан кешірген. Тіпті террористер шабуылына ұшыраған кездері де болды. 1981 жылғы ақпанда радионың Мюнхендегі ғимаратының бір шетінде жарылыс болып, чехословак жаңалықтар қызметі зардап шекті. Жарылысты коммунистік билік басқаратын елдің тапсырмасымен еуропалық террористер тобына кіретін қылмыскерлер жасағаны кейін тексеру нәтижесінде белгілі болды.
Суретте: Азат Еуропа/Азаттық радиосының штаб-пәтеріне жасалған террорлық шабуылдан кейін. Мюнхен, Батыс Германия, 1981 жылғы ақпан.
Қытайдағы коммунистік режимнің қуғын-сүргінінен қашып, Түркияға қоныс аударған қазақ Хасен Оралтай (1933 - 2010) 1960-жылдардың екінші жартысында Азаттық радиосына қызметке қабылданды. Хасен Оралтайдың жеке қорындағы сурет.
Азаттық радиосы Қазақ редакциясы таратқан хабарлардың жазбаша мәтіні. Азаттықтың бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.
Азаттық радиосының 1970-жылдары әлем қазақтары туралы әзірлеген хабарларының жазбасы. Азаттық радиосының бұрынғы директоры Хасен Оралтайдың жеке қорынан. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана.
Хасен Оралтай 1988-1995 жылдар арасында Азаттықтың Қазақ бөлімін басқарды.
Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Әбдіуақап Қара және Мұқабай Енгін. Мюнхен, Батыс Германия.
Совет тұсындағы санаулы қазақ диссиденттерінің бірі Махмет Құлмағамбет (1930-2008 жж.) Азаттық радиосында 1980 жылдан 1995 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін жұмыс істеді. 1930 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген Махмет Құлмағамбет советтік идеологияға қарсы шыққаны үшін сотталып, 1962-1972 жылдар аралығында Сібірде айдауда болды. Совет билігі оны Батысқа кетуге мәжбүр етті.
Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің қызметкерлері: (солдан оңға қарай) Нұркамал Пынар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдіуақап Қара, Әлихан Жаналтай. Мюнхен, Батыс Германия. 1995 жыл.
Азаттық радиосы туралы буклет. Мюнхен, Батыс Германия. Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.
1993 жылы шілдеде Азат Еуропа/Азаттық радиосының постсоветтік елдердегі үшінші бюросы Алматы қаласында ашылды. Журналист Қиял Сабдалин (суретте) осы бюроның алғашқы жетекшісі болды.
Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) мен Азаттықтың Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының басқару орталығы. Мюнхен, Батыс Германия, 1980-жылдары түсірілген сурет.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының орталық кеңсесі. Прага, Чехия, 10 ақпан, 2023 жыл.