77 адамның өмірін қиған қайғылы әуе шоуы. Украинадағы Скнилов оқиғасына 20 жыл

Украина қарулы күштерінің Су-27 ұшағы Львов маңындағы Скнилов аэродромындағы әуе шоуында 10 мыңдай көрермен тұрған жерге құлап, өртеніп кетті. Ұшақты пилот Владимир Топонарь мен екінші пилот Юрий Егоров басқарып отырған еді. 27 шілде 2002 жыл. 

Су-27 ұшағы құлағанда жерде тұрған Ил-76 ұшағының тұмсығын бүлдіріп, кейін адамдар тұрған жерге жеткен.

Пилоттар Владимир Топонарь (оң жақта) мен Юрий Егоров ұшақтан секіріп үлгеріп, аман қалған. 

Құтқарушылар мәйіттер мен Ил-76 ұшағының шашылған бөліктерін жинап жүр. Пилоттар қолымыздағы ұшу картасы аэродромның схемасынан бөлек болды деп мәлімдеді. 

Құтқарушылар қаза тапқан адамдардың сүйегін жинап жүр. 

Украинаның сол кездегі президенті Леонид Кучма апаттан зардап шеккендердің хәлін білуге келген сәт. Ол бұл апатқа әскерилерді айыптап, Украина әуе күштерінің басшысын қызметтен алған еді. 

Әуе шоуындағы апаттан қаза болған және зардап шеккендер балалар да көп болды. 

Әйел адам екі баласының мәйітін тану үшін кезекте тұр. Қаза тапқандардың көбі күйіп кеткендіктен олардың кім екенін анықтау біраз уақытқа созылды. 

Жұрт апат болған аймаққа келіп гүл қойып жатыр. 29 шілде 2002 жыл.

2005 жылы 24 маусымда әскери сот пилот Владимир Топонарьды (арт жақта отыр) 14 жылға, екінші пилот Юрий Егоровты бес жылға соттады. 

"Әуе апатына ұшу жоспарын сақтамау, бағдарламада жоқ әуе трюкін жасау себеп болған" деді тергеуші Евгений Марчук сотта. 

Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович екінші пилот Юрий Егоровтың (суретте) жазасын үш жарым жылға қысқартып, ол 2008 жылы қамаудан босады. Ал Топонарь 11 жылдан кейін бостандыққа шықты. Екеуі де сотта айыбын мойындамады. 2005 жылы соттан соң түсірілген сурет.

2002 жылы 27 шілдеде Украинаның Львов қаласының маңындағы Скнилов әуе шоуында ұшақ құлап, 77 адам қаза тапқан. Мерт болғандардың арасында 28 бала бар. Бұл оқиғаға биыл 20 жыл толды. Скнилов қасіреті әлемдегі ең қанды әуе шоуы аталып кеткен.