Ресей Киевке соққы жасады, зардап шеккендер бар

Ресей әскерінің ракета шабуылынан кейінгі Киевтегі аудандардың бірі. 20 желтоқсан 2024 жыл.

20 желтоқсанда таңертең Ресей әскері Киевке ракетамен соққы жасады, зардап шеккендер бар деп хабарлады қала мэрі Виталий Кличко.

Ракета бөлшектері Голосеев, Соломенск, Шевченков аудандарына құлаған. Үйлердің шатыры, көліктер өртенген. Екі адам ауруханаға түскен. Кемінде бір адам қаза болған. Кеңсе ғимараттары, жолдар бұзылғаны хабарланды.

Monitor арнасының хабарлауынша, ресейліктер Киев қаласы мен облысына кемінде бес баллистикалық ракета және екі аэробаллистикалық “Кинжал” ракеталарымен соққы жасаған. Баллистикалық ракеталар Брянск облысынан ұшырылған, “Кинжал” ракеталарын МиГ-31 ұшағы жіберген.

“Нысаналарға ракеталардың кейбірі жеткен жоқ” деп жазды Monitor

Киев түнде Ресей әскерінің дронмен де қалаға шабуыл жасағанын айтты. Дрондар бірнеше толқын болып келді деді Киев әкімшілігі. Барлығы қалаға кіреберісте құлатылған. Дрон бөлшектері Деснянск ауданындағы адам тұрмайтын шаруашылық нысандарына құлаған. Зардап шеккендер жөнінде хабарланбады.