Ресей Қырымды әскери базаға айналдырды

«Нысан 100» аталып кеткен жерге туристер көп келетін. Кейінгі кезде бункерге туристерді жібермейтін болған. Нысанда «Тыйым салынған аумақ, Ресей қорғаныс министрлігінің әскери нысаны» деген жазу пайда болған. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, «Нысан 100» бір жыл ішінде қараусыз жатқан жерінен қалпына келтіріліп, кемелерге қарсы пайдаланылатын зымырандармен жарақтандырылған.  

Түбекті әскери бағазаға айналдыру ісінің бір бөлігі - Қырымдағы жоталарға орналасқан радарлар желісін қалпына келтіру. 2016 жылы маусым айында бұл станцияға антенна тиеген екі жүк көлігі келіп тоқтаған. Жергілікті тұрғын «Қазір ол жерде кәдімгі әскери база тұр, әуе шабуылынан қорғану жүйесі орнатылған» дейді. 

Сақ ауданы, Новофедоровка елді мекеніндегі радарлар. 
 

Қырым аннексиясынан кейін Мәскеу Қара теңіз флоты орналасқан ғимараттарды кеңейтті. 

Негізінен ол ғимараттар мен нысандар Севастополь қаласында орналасқан. Суретте: Фиолент мүйісіндегі әскери бөлім.

Құжаттарға қарағанда, Севастополь маңындағы мына жерде сүңгуір солдаттар жаттығатын орталық салынып жатыр. 

Ресей қорғаныс министрлігі Севастопольдегі құрылыстар мен өзгерістер жөнінде ақпарат бермейді. 

20 жыл қараусыз қалған, қазір қалпына келтіріліп жатқан әуежай мен айлақ. 

Ресей Симферопольге таяу жердегі Перевальный елді мекенінде тағы екі әскери база салып жатыр. Reuters мәліметтеріне қарағанда, бұл жерде Украинаның екі әскери аумағы қараусыз қалған, осы жерлерді қазір Ресей кеңейтіп, әскери база ретінде қайта салып жатыр.  

Reuters мәліметіне қарағанда, Севастопольдегі бейбіт мақсатта жұмыс істеген Бельбек әуежайын Ресей қазір әскери базаға айналдырып жатыр. СССР заманынан бері қараусыз қалған тағы екі әуежай қайта пайдаланыла бастаған. Олардың бірі Севастополь маңындағы Новофедоровка елді мекенінде орналасқан. 

Украина шекарасынан 40 километр жердегі Джанкойда тағы бір әуежай бар. Reuters зерттеуіне қарағанда, онда қазір кемінде сегіз Ми-24 тікұшағы мен әскери техниктер жасағы тұр. Суретте: Джанкой әуежайында тұрған әскери жүк техникалары.

Reuters тілшісіне әскери аймақты күзетіп тұрған солдат «Украина кезінде онда тек екі ұшақ болған. Қазір ұшақтар әлдеқайда көп» деді. Суретте: Симферополь маңындағы Перевальный елді мекеніндегі әскери базада тұрған жүк көліктері.