Қиырдағы ГУЛАГ лагерлері
Чукотка түбегінің бір бөлігі.
Қаңырап жатқан шахталар.
Уран кенішінің кіребірісі. Мұнда ГУЛАГ тұтқындары еңбек еткен.
Шахта жанындағы үйілген тас. Мұнда уран ғана емес, қалайы да өндірген.
Чукотканың Чаун ауданы орталығы Певек пен ГУЛАГ лагерлерін жалғайтын жолдағы бекеттің қазіргі көрінісі.
Шахталар мен еңбек лагерлерін 1931 жылы Чукотка мен Магадан өңірлерінде пайдалы қазбаларды өндіру үшін НКВД құрған "Дальстрой" мекемесі басқарған. Бұл өңірлер Колыма өлкесі құрамына кірген.
"Дальстрой" Колыма өлкесінде 80-ге жуық еңбек лагерлерін құрған. 1951 жылы ол лагерлердің жалпы ауданы үш миллион шаршы километрге жеткен.
Певектің шығысында жатқан тағы бір шахталар жүйесі. Мұндағы уран өндірісі 1950-жылдары тоқтап қалғанымен, радиация деңгейі әлі жоғары.
ГУЛАГ лагерлерінің біріндегі бөлме. Певектегі музей экспозициясы.
ГУЛАГ тұтқындарының жеке заттары. Чукотка тұтқындарының ішінде кәрістер, немістер, поляктар, украиналықтар және жапондар көп болған. Оларды "Отанын сатты" деген айыппен соттаса, лагерьде 25 жыл тұруға міндетті болған.
ГУЛАГ тұтқындарының көбі 1954-1956 жылдары рақымшылыққа ілінді. Чукотка шахталары жабылды.