Сахарово миграциялық орталығы

Сахарово миграциялық орталығында кезекте тұрған адамдар.

Сахарово миграциялық орталығында құжат толтырып отырған адам.

Сахарово миграциялық орталығында Ресейге жұмыс істеуге келген мигранттар патент алады. Патент алу үшін әрбір мигрант орталыққа 3500 рубль төлейді. Орталықтың жылдық кірісі 1,2 миллиард рубльді құрайды деп жоспарланған.

Сахароводағы миграциялық орталық Ресей федералдық миграция қызметіне емес, Мәскеу билігіне бағынышты мекеме.

Орталықта мигранттар орыс тілі, Ресей тарихы мен құқық негіздерінен сынақ тапсырады.

Орталықтағы мигранттардың денсаулығын тексеретін орын. ​Бұл жерде олар қан тапсырып, флюорография және психиатр тексеруінен өтеді.

Орталыққа келген мигранттар сағаттап кезекте тұратындығына шағым айтқан. Бұған дейін Қырғызстан елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігіне Сахарово елді мекеніндегі миграциялық орталықтың жұмысын оңтайлатуды сұрап нота жолдаған.

Орталық өкілі осында келген мигранттармен сөйлесіп тұр.

Орталықтағы тәртіпті жеке меншік күзет фирмасының қызметкерлері қадағалайды. Олардың шетелдіктермен дөрекі сөйлесіп, өтініш-тілектеріне жүрдім-бардым қарайтыны туралы шағымдар да түскен.

Сахарово миграциялық орталығында кезекте тұрған адамдар. ​Мигранттар 3-5 сағаттап кезек күтуге мәжбүр болғанын айтады.