"Ауған-базардағы" қойдың бас-сирағы. Ауғандықтар бас-сирақты ұзақ қайнатып дәмді мәзір әзірлейді.
"Кіші Кабулдағы" "Севастополь" сауда орталығы. Совет дәуірінде қонақ үй болған ғимарат кейіннен саудаға орталығына айналған. "Севастополь" - Мәскеудег арзан сауда орталығының бірі болып есептеледі.
Сатушы мен сатып алушы.
Ауғандық сатушы Мұхаммад сексенінші жылдары өз елінде әскери борышын өтеген. Тоқсаныншы жылдары Ресейге келген ол түптің түбінде еліне ораларына сенеді.
Мұсылманша "сүннати" деп аталатын киім киген ауғандық сатушы.
25 жастағы Вахидулла Ресейде дүниеге келген. Оның ата-анасы Мазари Шарифтен Ресейге сексенінші жылдардың соңында келген екен. Вахидулла ешқашан да Ауғанстанда болған емес.
Абдулкарим Тухи Ауғанстандағы коммунистік билік құлар алдында Ресейге қоныс аударған. Қазір "Севастополь" сауда орталығында менеджер болып жұмыс істейтін ол кезінде Мәскеуде оқыған, ауған әскерінде командир болған. Абулкарим тоқсаныншы жылдары көптеген саяси және әскери қызмет атқарған ауғандықтармен бірге Ресейге көшіп келгенін айтады.
Орыс және дари тілінде жазылған Ауған диаспорасы орталығының атауы.
Ауған диаспорасы орталығының жетекшісі Ғұлам Жәлел - бұрынғы әскери қызметкер. Орталық Мәскеудегі ауғандықтарға жұмыс тауып беруге және мәдени шаралар өткізуге ат салысады. Ғұлам Жәлел Ресейге 1992 жылы көшіп келген. Тоқсаныншы жылдары Ресейге қоныс аударған ауғандықтар өз елдерінде қала берсе, қауіпті болғанын айтады. Өйткені көшіп келгендердің дені - Совет одағы қолдаған Ауғанстан әскерінде қызмет атқарғандар немесе одақ елдерінде оқығандар.
Ауғандық музыканттар тобының концерті туралы құлақтандыру.
Карпал Сингх та 1990 жылы Каублдан көшіп келген. Ауған сикхтары діни азшылығының өкілі өзінің Ауғанстанда тұрған кезінде дәулетті болғанын айтады.
62 жастағы Абдулла "кіші Кабулда" - наубайханашы. Тәжікстаннан келген ол 10 жылдан бері Ресейде тұрады. Абдулла тілі бір, мәдениеті бір ауғандықтармен жақсы араласып кеткен.
Совет одағы кезінде қонақ үй болған қазіргі "Севастополь" сауда орталығының жалпы көрінісі.