"Мұны сатып алуыңызға болады". Путин Ердоғанға әскери ұшақтарды таныстырды
Жуковский әуежайындағы МАКС-2019 халықаралық көрмесінің ашылуы кезінде әуеде топтаса ұшып өткен төрт ресейлік Су-57 әскери ұшағы.
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған ресейлік Сухой зауыты құрастырған жаңа буындағы Су-57 әскери жойғыш ұшағын көруге бара жатыр. АҚШ шілде айында Түркияға радарға көрінбейтін америкалық F-35 әскери ұшағын сатудан айнып қалған. Оған Түркияның Ресейден С-400 зенитті зымыран кешенін сатып алу туралы шешімі себеп болған. Вашингтон Ресей бұл зымыран кешенінің көмегімен АҚШ-тың радарға көрінбейтін ұшағында қолданылған озық технологияның қыр-сырын біліп қояды деген уәж айтқан.
"Интерфакс" жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ердоғанның "Су-57 ұшағын сатып алуға бола ма?" деген сұрағына Путин: "Сатып алуыңызға болады" деп жауап берген.
Жуковскийдегі көрмеде тұрған Ресейлік Ми-28НЕ ("Түнгі аңшы") тікұшағы.
Дыбыстан да шапшаң ұшатын "Су-47" ("Бүркіт") әскери ұшағы. Сухой зауыты бұл ұшақтың тәжірибелік нұсқасын ғана жасап шығарған, алайда ондағы технологияның бір бөлігі Су-57 ұшағын құрастырған кезде пайдаланылған.
Ресейлік "Орион-Е" әскери дроны.
Көрмеге келгендер ресейлік Ансат тікұшағының қасында тұр.
Ресейлік МИГ әскери ұшағы МАКС-2019 көрмесінде.
Ресейлік MC-21-300 жолаушы ұшағы.