Мәскеудегі бір топ жас кәсіпкер жауапты адамдардың пара алғаны туралы ақпаратты орталық базаға хабарлайтын ұялы телефон қосымшасын жасап шығарды.
Смартфондағы жаңа эпликейшн пара туралы ақпаратты тіркеген сәтте интерактивті картадан да бірден көрсетеді. Жобаның авторлары күн сайын дендеп бара жатқан жемқорлықтан мезі болған адамдардың азаматтық жауапкершілігі ояна ма деп үміттенеді.
Мәскеулік 20 шақты жігіттің өз бетінше ойлап тапқан, смартфондағы Bribr («Брибр») деп аталатын қосымшасы адамдар пара беруге мәжбүр болғанда олардың пара жайында хабарлауына көмектеседі. Тіркелген ақпаратты онлайндағы интерактивті карта автоматты түрде дәл көрсетіп тұрады.
Интерактивті картаның идеясы бойынша ұлан-байтақ Ресей жеріндегі алынып, беріліп жатқан паралардың барлық сомасын уақыт зоналарының бойымен тұтас көрсетіп тұру.
Bribr-дің негізін қалаған 25 жастағы Евгения Куида бұл жоба қоғамның жемқорлықпен күресуіне дем береді, әрі қоғамдық ой-сананы өсіреді деп үміттенеді.
– Басты идея – негізінен парақорлыққа көбірек назар аударту, онымен күресуге көбірек ықылас туғызу. Егер сіз парақорлыққа байланысты SMS-ті үнемі барлық халыққа жолдап отырсаңыз, адамдар ол ақпаратты көрген соң көзқарастары өзгеруі мүмкін, - деп ойлайды Евгения Куида.
Өткен апта жариялана салысымен бұл жоба базаға 1,5 миллион рубль (50 мың АҚШ доллары) параның берілгенін тіркеп үлгерді. Ресейде бір жылда берілетін параның сомасы жүздеген миллион доллар деп саналады.
Bribr-дің вебсайтындағы мәлімет бойынша параның 70 пайызы университетке түсу үшін емтихан тапсырғанда және сәбилерін балабақшаға орналастырғанда беріледі. Көлік инспекциясы қызметкеріне берілетін пара - 8,5 пайыз.
Интерактивті картаның көрсетуінше, пара туралы ақпараттың ең көп бөлігі технологияға жүйрік жастардың үлкен легі қатысқан анти-Кремльдік шерулердің эпицентрі болып тұрған Мәскеу қаласынан келіп түскен.
Өршіп бара жатқан жемқорлыққа қарсы наразы көңіл-күй ресейліктердің жүйкесін жұқарта түскендей. Әсіресе былтырғы желтоқсан айындағы әділетсіз деп сипатталған парламент сайлауы көптеген мәскеуліктердің көшеге шығуына және жемқорлыққа қарсы ашық пікір білдіруіне түрткі болды. Transparency International ұйымының есебінше Ресей жемқорлықпен күрес тізімінде соңғы орындардың бірінде (143-орын) тұр.
Куида мен оның 20 әріптесі бұл эпликейшнді тегін жүктеп алатындай етіп жасаған. Бұл әрекеттерін биыл азаматтық белсенділіктің артқанын әйгілейтін мысал ретінде көреді.
– Бұл – Ресей үшін тың қозғалыс. Мен өзім бұрын-соңды Мәскеуде мұндай оқиға көрмеппін. Жақсы жұмысы бар адамдар, кәсіпқойлар, талантты жігіттер алтын уақыттарын сарп қылып, Мәскеудің орталығына апта сайын жиналып, екі сағат наразылық шарасына қатысып қайтады. Адамдардың ортақ проблеманы талқылап, осылайша ұйымдасып жатқанына куә болу расында да қуанышты, - дейді ол.
Жемқорлықпен күресі арқылы аты шыққан оппозиция жетекшісі Алексей Навальный бұл қосымшаны Twitter-де «керемет» деп атап, оның сайтына сілтеме шығарып қойды.
Bribr-дің ұшырасқан жалғыз кедергісі Apple-мен арадағы туған түсінбеушілік болыпты.
- Басында компания Bribr-ге рұқсат бергенге дейін керісінше парақорлықты насихаттайды деп ойлап қалыпты, - дейді Куида.
(Редакция: Мақаланы қазақшалаған - Сағынай Кәрім)