Байқаудың мақсаты – сотталғандарға моральдық қолдау көрсету және түрмедегі тамақтың сапасын жақсарту. Жарысты ұйымдастырған – колония басшылығы.
Новосибирскідегі 18-түрмеде ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқандар (Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжанның азаматтары) палау пісіруден жарыс өткізді.
Байқау кезінде сотталушыларға күріш, ет, көкөніс, май, пияз берілді. Олар осы азықтарды пайдаланып, өз рецептері бойынша күріштен тамақ жасады. Жарысқа қатысқандардың көбі палау пісірді.
Fxcuisine.com сайтының дерегі бойынша, палау – өзбек, тәжік халықтарының тағамы. Ресейдегі мұсылман халықтары да, Орталық Азия тұрғындары да палауға құмар. Палауға ұқсас тағамдар Латын Америкасы, Кариб бассейні және Таяу Шығыс елдерінде де бар.
Орталық Азия елдерінде палау тойларда, мерекелерде, басқа ғұрыптық шараларда да пісіріледі.
ӨЗБЕК АЗАМАТЫНЫҢ ЖЕҢІСІ
Колониядағы байқауға кәсіби аспаз, тележүргізуші Сева Мокин мен тәжік аспазы Султон Очилов қазылық етті.
- Жарысқа қатысқандардың тамақты жақсы пісіретініне таң қалдым. Олар аса бір дұрыс жағдай жасалмаса да палауды шеберлікпен пісіріпті. Барлық палау өзінше ерекше, - дейді Мокин Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Ал Султон Очилов:
- Палау - тәжік халқының ұлттық тағамы. Бұл тағамды пісіруді Тәжікстанда бала жастан үйренеді. Палауды шын ниетпен дайындасаңыз, өте дәмді болады, - дейді.
Байқау қорытындысы бойынша 52 жастағы өзбек азаматы Немат Искандеров жеңіске жетті. Жеңімпазға ас дайындауға қажетті аспаптар сыйға берілді. Бұл заттарды да сол колониядағы сотталушылар жасаған.
Аспаздық жарысқа қатысқан тұтқындарға туыстарымен кездесуге мүмкіндік берілді.