Қырымдағы Ресейдің әскери базасы: Жарылысқа дейінгі және кейінгі сәті

Оккупацияланған Қырымдағы Саки әуе базасының жарылысқа дейінгі (9 тамыз) жағдайы. Суреттен базада тұрған ресейлік әскери ұшақтарды байқауға болады. Америкалық Planet Labs PBC компаниясының спутниктен түсірген суреті. 

Әскери базада тұрған ұшақтар. Ресей Украина аумағына шабуыл жасау үшін бұл базадан жиі ұшақ ұшырғаны айтылады.

Қырымдағы әскери базаның жарылысқа дейінгі көрінісі.

Әскери базада жарылыс болған сәт. 

Атын атамаған украиналық шенеуніктің бірі АҚШ басылымына әскери базадағы жарылысты Украина қарулы күштері жасады деп айтқан. Ал Ресей қорғаныс министрлігі әскери базаға шабуыл жасалды дегенді жоққа шығарып, жарылыс "қауіпсіздік ережелері сақтамағандықтан болды" деді. 

 

Ресей билігі жарылыс Қырым түбегіндегі қонақ үйлер мен жағажайларға әсер етпеді дейді. Бірақ желіде тараған видеолардан жарылысты көрген туристердің жан-жаққа қашып жатқанын байқауға болады. Жарылыстан кейбір ғимараттар бүлініп, терезесі сынған.   

Planet Labs таратқан спутник суреттен базада тұрған әскери ұшақтардың қирағанын байқауға болады. 

Азаттықың Украина қызметінің "Схеми" зерттеу тобы спутниктен жарылысқа дейін және кейін түсірілген суреттерден Ресей әуе күштері кемі тоғыз ұшағынан айырылғанын анықтаған.

Жарылыстан әскери қару-жарақтар сақталған қоймалар да бүлінген.

10 тамызда спутниктен түсірілген суреттерден бірнеше жарылыс іздерін көруге болады. Әдетте мұндай іздер бірнеше шабуыл жасалған кезде болады.

Ресей бақылауындағы Қырымның дәрігерлері жарылыстан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланғанын айтады. Әскери сарапшылар бұл жарылысты Ресейге ауыр соққы, ал Украинаға психологиялық жеңіс деп атады.  

Спутниктен түсірілген суреттерден оккупацияланған Қырымдағы Ресейдің әскери базасы жарылыстан соң қатты қирағаны байқалады. Украиналық дереккөздердің бірі АҚШ басылымына әскери базадағы жарылысты Украина қарулы күштері жасады деп айтқан. Ал Ресей қорғаныс министрлігі жарылысқа қару-жарақтардың абайсызда жарылуы себеп болды дейді. Ресей Қырым түбегін 2014 жылы оккупациялап алған.