Қырым хандығының алғашқы астанасы

Бақшарасай қаласына дейін бұл жерде Дәулет сарай атты хан сарайы болған. Бүгінде оның жұрнағы да қалмаған.

Дәулет сарайға жақын маңда хан мешіті, медресе және ел билеушілерінің ата-бабаларының кесенелері тәрізді көптеген мұсылман елдері астаналарына тән ғимараттар кешені болған.

Қырым хандарының кесенесі. Осында жерленген 18 адамның арасында Қырым хандығын құрған Қажыгерей мен Бақшасарайдың негізін қалаған Сақыпгерей хандар да бар.

1500 жылы салынған Зинжырлы медресесі. Төрт ғасыр бойы, совет билігі орнаған кезге дейін бұл медресе Қырымдағы ислам діни білім орталығы болған.

Хан сарайы - Қырым хандығының бұрынғы резиденциясы. Қазіргі кезде бұл нысан Бақшасарайдағы тарихи ескерткіштер экскурсиялық маршрутына енгізілген. 

Жақын бес жылда Хан сарайын күрделі жөндеуден өткізбекші. Былтыр күзде Хан мешітінің сыртқы қабырғасына құрылыс сатылары орнатылды.

Кезінде хан қамалы орналасқан жартастың түбіндегі қазіргі заманғы үйлердің бірі

Тау бөктерінде шанамен сырғанап ойнап жүрген балалар.

Бұл күндері жол бойындағы бағаналар мен дуалдардан өткен жылы әлдекімдер ұрлап әкеткен Қырым татарлары белсендісі Эрвин Ибрагимовтің суреттері оқта-текте көзге шалынады.