Самоа аралында ұшақ билетін сатудың жаңа әдісі шықты. Енді жұрт жол құжатын салмағына қарай алады. Тұрғындары семіздіктен зардап шегетін елдің бұл тәсілін өзге елдер қолдануы мүмкін бе?
Самоа аралы (жер көлемі - 2800 шаршы километр, халқы - 194 мың адам) Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Енді бұл елде ұшаққа отыратын адамды таразыға тартатын болды.
«ӘР КИЛОГРАМҒА - ОРТА ЕСЕППЕН 1 ДОЛЛАР»
Samoa Air компаниясының ұшағына отыратын жолаушы өз салмағы мен жүгін өлшетіп, әр килограмға 0,53-1,06 АҚШ долларын төлейді.
Бұл жаңалық 2012 жылы қараша айында енгізілді. Жақында бұл тәсілді АҚШ көлік министрлігі де мақұл көріп, оны Самоа аралының қасындағы Америкалық Самоада да қолдана бастады.
«Енді бұл жаңалықты барлық әуе компаниялары енгізбей ме?» деген сауал туады. Samoa Air компаниясының бас директоры Крис Лэнгтон жаңа тариф туралы «Бұл әлемдегі ең әділетті жүйе» деген пікір айтты.
Жаңа тәжірибе Тынық мұхиттың оңтүстігінде жатқан аралдан басталғаны тегін емес. Біріншіден, Samoa Air ұшақтары шағын. Екіншіден, Самоа тұрғындары семіздік жағынан көп елдің алдында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, Самоа халқы әлемде семіздіктен төртінші орын алады. Көршілері Науру, Кук аралы мен Тонга бұл елден бір деңгей төмен тұр.
Америкалық Самоаға жиі ұшатын жолаушы әйел жаңа тариф жүйесін құптап:
- Паго қаласына (Америкалық Самоаның әкімшілік орталығы) ұлым екеуміз жиі ұшамыз. Ол менен жеңіл. Бұрын билетті бір бағаға алатынбыз, енді салмағымызға қарай төлейміз, арзанға түседі, - дейді.
Самао аралының картасы
ЕУРОПА СОТЫ НЕ ДЕЙДІ?
Жаңа жүйені әлемдегі басқа әуе компаниялары пайдалана ала ма? Лондондағы ұшу қауіпсіздігінің сарапшысы Дэвид Лэрмонт АҚШ-та бірнеше жыл бұрын болған бір оқиғаны еске алды. Бірнеше америкалық компания екі орын алып отыратын салмағы ауыр жолаушылардан артық төлем алғаны үшін сотқа тартылып, жеңілген. Оның айтуынша, «Самоаның тәжірибесі қисынға келеді. Бірақ әлемнің басқа елдері мұны қолданады деу әзірге қиын».
Лэрмонттың ойынша, «самоалық тәсіл шағын ұшақтарға тиімді болғанымен, үлкен ұшағы бар әуе компаниялары ондай жүйені енгізе қоймайды».
- Әуе компаниялары билет бағасын есептегенде барынша әділетті болуға ұмтылып, түрлі әдістер қолданады. Еуропа сотының бұл тәжірибе туралы пікірін білген қызық болар еді, - дейді ол.
(Мақала ЮджинТомиучтің шолуы негізінде жазылды).