Шотландиядағы насихат науқаны

Your browser doesn’t support HTML5

Шотландия референдумы таяған сайын екі жақтың үгітшілері насихатты күшейте түсті. Олар тіпті үй-үйдің есігін қағып, азаматтармен тікелей сөйлесуге кіріскен. Насихат науқанына белсене кіріскен Глазго тұрғыны Дэвид Пьютерер тәуелсіздікті жақтап дауыс беруге шақырады. Ал Абердин қаласының тұрғыны Сандра Макдональд Ұлыбританиямен одақты бұзуға қарсы кампания жүргізіп жатыр.