Түрмедегілердің өзіне жарақат салуына не себеп?

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде бес сотталушы абақтыдағы қысымға наразылық ретінде өзіне қол жұмсаған. Олар түрме басшылығының озбырлығына бола осындай қадамға барғанын айтады. Ал мекеме әкімшілігі "олар өздеріне назар аударғысы келеді" дейді.