Барлаушының отбасы

Владимир Путиннің балалық шағынан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі кейбір суреттері.

«Мен қарапайым отбасыдан шықтым және ұзақ уақыт сондай тіршілік кештім, бүкіл саналы ғұмырым солай өтті деуге болады. Мен қатардағы қарапайым адамның тұрмысымен өмір сүрдім және ондай өмірмен байланысым үзілген емес» делінген Ресей президентінің жеке сайтындағы Путиннің естелігінде.

Путиннің қыздары Екатерина мен Марияның балалық шақтағы суреттері. 1985 жылы, Германияға кетер алдында, Владимир мен Людмила Путиндердің отбасында қыздары Мария дүниеге келген. Кенже қыздары Катерина болса 1986 жылы Дрезденде тұрған кезде туған. Екі қызды да әжелерінің - Мария Ивановна Путина мен Екатерина Тихоновна Шкребневаның құрметіне қойған (Ресей президентінің жеке сайтындағы ақпарат).

Путиннің отбасы мүшелерімен бірге демалыста түскен суреті, 2002 жыл.

Путин әйелі және қыздарымен бірге қайықта отыр.

Путиндер отбасының демалыс кезіндегі суреті, 2002 жыл.

Суреттердің барлығында Путиннің қыздары ту сыртынан түсірілген. Олардың сол уақыттағы және қазіргі кездегі келбетін растайтындай ресми суреттер жоқтың қасы.

Баспасөз құралдары «Путиннің кенже қызы» деп атаған Екатерина Тихонова мен Иван Климов акробатикалық рок-н-роллдан өткен жарыс кезінде. Краков, сәуір, 2014 жыл.

Ал Владимир Путиннің сүйікті иті – лабрадор Кониді жиі көруге болады, тіпті Ресей президентінің шетел басшыларымен кездесуінен түсірілген суретте де ол иесінің жанынан табылады. 2007 жылы қаңтарда түсірілген мына суретте Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп отыр.