15 мамырда Словакияның Гандлова қаласында үкімет жиынына қатысуға келген премьер-министр Роберт Фицоға бір адам тұтқиылдан оқ атты. Жаралған Фицо ауруханаға жеткізілді.
Қаладағы мәдениет үйінің алдында әлгі адам Фицоға қарата төрт рет оқ атқан. Словаия телеарнасының хабарлауынша оқ оның ішіне тиген.
Қауіпсіздік күштері оқиға орнына дереу жетті. Оқиға орнында болған Dennik N газетінің тілшісі премьерді алып бара жатқанын көрген.
Күдікті жылдам қолға түсті.
Словакия парлменті спикерінің орынбасары Лубош Блаха оқиға туралы парламент отырысында хабарлап, жиынды тоқтатқан.
Президент Зузана Чапутова премьерге жасалған "аяусыз қастандықты" сынға алды.
"Қатты шок алып тұрмын. Роберт Фицоға осы бір сын сағатта күш-жігер тілеймін, тез оңалып кетсін!" деді ол.
Словакияның Гандлова қаласында премьер-министр Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атты. Полиция күдіктіні ұстады. Фицоны тікұшақпен ауруханаға алып кеткен, қазір оның жағдайы ауыр екені хабарланды.