Беларусьтегі түйеқұс фермасы

Африкалық қара түйеқұстың бойы 2,7 метрге, салмағы 160 килограмға дейін жетеді.

Бұл фермадағы құстарға неғұрлым табиғи жағдай жасауға тырысады.

Түйеқұс маңына келген адамға жақындап барып қарап тұр.

Ыстыққа да, суыққа да төзімді бұл құстар адамдарға үйреніп кеткен.

Бұл қара түйеқұсты әлемнің көп елінде өсіреді.

Ересек құстарға жылы қораның керегі жоқ.

Түйеқұстың етінде май мен холестерин аз болады.

Ферма түйеқұстың жұмыртқасын, етін, терісін сатып пайда көреді. Туристерден де ақша түседі.

Ферма иелері агро және экотуризмді дамытуды да жоспарлаған.

Шаруа қожалығында құсты жұмыртқа кезінен бастап бақылауға болады.

Түйеқұстың қауырсыны мен жұмыртқасынан әртүрлі әсемдік және сыйлық бұйымдар жасайды.

Түйеқұстың жұмыртқасынан жасалған бұйым.

Фермада басқа хайуандар да бар.

Қыдырып жүрген мысық.