Сочидегі қарбалас

Сочидегі «Большой» мұз айдыны ғимаратының алдындағы шөпті жасыл түске бояп жүрген жұмысшы әйел. 4 ақпан 2014 жыл.

Красная поляна ауылында баспасөз өкілдеріне арналған ғимараттар орналасқан жерде құрылыс жұмыстары әлі толық біткен жоқ. Жолға төселетін материалдар әр жерде үйілген қалпы тұр. 2 ақпан 2014 жыл.

Құрылыс қалдықтары жанында отырған жұмысшылар. 2 ақпан 2014 жыл.

Красная полянада құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 2 ақпан 2014 жыл.

Құрылыс жұмыстары әлі толық бітпеген сауда орталығында жүрген жұмысшылар. 2 ақпан 2014 жыл.

Горки баспасөз орталығы жанында тұрған құрылыс машиналары. 2 ақпан 2014 жыл.

Эсто Садок ауылындағы жер астына құбыр төсеу жұмыстары. Сочи, 2 ақпан 2014 жыл.

Сочидегі олимпиада қонақтарына арналған нысандардың бірінің жанында жұмыс істеп жүрген адам. 2 ақпан 2014 жыл.

Құрылыс жұмыстары әлі бітпеген қонақ үйдің барында сырты қаптаулы үстел-орындықтар қойылған. 2 ақпан 2014 жыл.

Баспасөз өкілдеріне арналған ғимараттар маңындағы құрылыс қалдықтары. Эсто Садок ауылы, 2 ақпан 2014 жыл.