Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы 6 қаңтарда Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйенген Yonhap агенттігі жазды.
Әскерилер дерегінше, зымыран Пхеньян аймағынан жергілікті уақыт бойынша шамамен 12-де ұшырылған. Бұл – Солтүстік Кореяның Жаңа жылдан кейін ұшырған алғашқы зымыраны.
Бұл жайт АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Оңтүстік Кореяға сапары кезінде болды.
Солтүстік Корея бұған дейін 5 қарашада, АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде зымыран ұшырған.
Пхеньян АҚШ-тағы сайлауға бірер күн қалғанда, 31 қазанда Жапон теңізіне құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырған. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын "дұшпандарға жауап" деп атаған.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған санкциялар Солтүстік Кореяға зымыран сынағын өткізуге тыйым салады. Бұдан бөлек, Ресей 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін Мәскеуді Пхеньянға қарсы санкция режимін бұзды деп үнемі айыптап жатады. Мәскеу мұны жоққа шығарады.
Your browser doesn’t support HTML5