Кентау қаласындағы ескі ғимараттар

Қазақстандағы 27 моноқаланың бірі Кентауға кіреберістегі жазу.

Қала орталығындағы жөндеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлердің бірі.

Кентауда қаңырап бос қалған немесе тұруға жарамсыз деп танылған көпқабатты тұрғын үйлер жиі ұшырасады.

Кентаудағы жылу электр орталығы - қала халқын жұмыспен қамтып отырған үлкен кәсіпорын саналады. Тұрғындардың айтуынша, орталық 5 ай істеп, 7 ай жұмысы тоқтап тұрады.

Есік-терезеден жұрдай, қараусыз қалған ғимарат.

Совет билігі кезінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында адам тұрмайтыны байқалады.

Жартылай бос қалған көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы балконда отырған бала.

Кентау экскаватор зауытының ғимараты.

Құрманғазы көшесіндегі тұруға жарамсыз деп танылған үш қабатты үйді айналдыра лента тартып, қоршап қойған.

Кентаудағы жастар саябағы. 

Кентаудағы бұзып жатқан ескі тұрғын үйлердің бірі.

Бес қабатты ескі тұрғын үйден ауласында ойнап жүрген бала.

Ескі көпқабатты тұрғын үйдің ауласы. Бұл үйдегі пәтерлердің көбінде адам тұрмайтыны байқалады.

Бес қабатты ескі үйдің бірінші қабатында тұрып жатқан адамдардың жуып, аулаға жайған киімдері.

Кентаудағы бос қалған көпқабатты тұрғын үй.