Киевтегі Днепр өзені астындағы "Сталин метросы"

Азаттықтың Украин қызметінің тілшілері оңтүстік тоннельдің Жуков және Водников аралдарындағы бөліктерінде болды. Онда тоннельдің жер бетіндегі бөлігінің ұзындығы 200 метрдей болса, өзен арнасының астымен өтетін бөлігі 500 метрге дейін жетеді.

Тоннельдің құрлықтағы бөлігі ішінара су астында қалғандықтан, оған қайықпен баруды ұйғарған тілшілерге жол-жөнекей орман ішімен жүрген кезде қайықты сүйретіп жүруге тура келді.

1941 жылы қыркүйекте нацистік Германия әскері Киевке шабуылды бастағаннан кейін метрополитеннің құрылыс және құрастыру жұмыстарын жедел тоқтатуға мәжбүр болған. Үңгу жұмыстарына пайдаланылған және өзге де құрал-жабдықтар су астындағы құрылыс нысандарында қалған.

Ескі тоннельдің суда қалған бөлігіне қайықпен барған қолайлы.

Тоннельдің сыртындағы түрлі өсімдік, ағаш жапырақтары жаз кезінде оны көзге көрінбейтіндей етіп қаулап өседі.

Темір және бетон конструкциялар беріктігін жоймаған, металдан жасалған қаңқаны да тот баспаған.

"Сталин метросының" аяқталмаған тоннелінің бүгінгі көрінісі.

Аяқсыз қалған ескі су асты тоннель құрылысын көруге қайықпен жүзіп келе жатқан адамдар.

Тоннель аузындағы төбенің биіктігі бес метрге дейін жетеді, алайда жүз метрден кейін төбеге қол тиеді. Ары қарай тоннель су астына қарай кете береді, оның 500 метрдей бөлігі өзен астымен өтеді.

Кейбір көнекөз тұрғындардың айтуынша, соғыстан кейінгі жылдары "№1 құрылыс" жобасы конструкциясының бөліктері Киев метрополитенінің бірінші кезегіндегі тоннельдер салғанда пайдаланылған.

Қазіргі кезде Киев қаласында Днепр үстінен көпір тұрғызу жобасына балама ретінде ұсынылатын өзен астынан тоннель құрылысын салудың түрлі жобалары бар.