Агафья Лыкованың тайгадағы өмірі

Агафья Лыкова тұратын жерге ең жақын деген ауылға жаяулатып екі аптада жетуге болады.

Агафья Лыкова 1945 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1944 жылы) дүниеге келген, содан бері ол тайгадан шықпай өмір сүріп жатыр.

Саян тауы етегіндегі Абакан өзені.

Тайгадағы үйі жанында Агафья Лыкованың әзірлеп қойған отын ағаштары.

Агафья Абакан өзенінің жарқабағындағы кішкентай жерге егетін картоп, сәбіз, шалқан, пияз және басқа да жеміс-жидек пен көкөністі азық етіп, өмір сүреді.

Сібірдегі ну орман арасында тұрған үй.

Агафья Лыкова құлаған ағаштың үстімен өзеннің арғы бетіне өтіп барады.

Саян тауы.

Агафья Лыкова тұратын жерге тек тікұшақпен жетуге болады.

Саян тауы етегіндегі Агафья Лыкованың үйіне жақын жерге құлаған ресейлік «Протон» зымыранының бөлшегі. Бұл жер Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғайтын зымырандар ұшып өтетін жолда жатыр.