Нарымбаевтың апелляциялық шағымы
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қалалық соты бейсенбі күні азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. «Сотты құрметтемегені» және «митинг ұйымдастырғаны үшін» 20 тәулікке абақтыға қамалған Ермек Нарымбаев өзін шын мәнінде «теңге бағамының еркіне жіберілуіне келіспей, президент Нұрсұлтан Назарбаевты, үкімет пен Ұлттық банк басшылығын отставкаға кетуді талап еткен Facebook-тегі жазбасы» үшін соттағанын, бірақ өзіне өтпеген митингіні ұйымдастырды деген басқа айып тағылғанын мәлімдеген. 3 қыркүйек 2015 жыл.