Душанбедегі "Ұлт көшбасшысы" заңын қолдау

25 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзіне ерекше мәртебе беретін «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қойды. 

26 желтоқсанда осы заңды қолдап арнайы шара өткізілді.

16 бабтан тұратын заңда Эмомали Рахмонның президент кезінде қабылдаған шешімдеріне бола кейін қудалаудан босатылатыны айтылған.  
 

Жаңа заңда "ұлт көшбасшысының" жанұясы мүшелері мен олардың барша мүліктері мемлекет тарапынан қорғалатыны айтылған.


Биылғы сәуір айында Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Носирджон Салими мен ғалым Холмахмади Саме билік партиясының ресми сайтында Эмомали Рахмонның еңбегі оны "ұлт көшбасшысы" деп жариялауға лайықыт деген мазмұнда үндеу жариялады. 

18 желтоқсанда Тәжікстан парламенті «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы - ұлт көшбасшысы» туралы заңын бірауыздан қолдап дауыс берді. 

Жаңа заңды сынаған оппозиция мүшелері, қоғам белсенділері және құқыққорғаушылар бұл қадамды "демократиядан шегіну" ретінде бағалады. 

Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері төрт рет президент болып сайланған. Тәжікстанда ендігі президент сайлауы 2020 жылы өтеді.

Мәжіліс спикері Шукурджон Зухуров құжат мақұлданар кезде 1990 жылдарғы соғыс жағдайын еске салып, Рахмонды "тәжік халқы үшін көп еңбек сіңірген батыр" деп атады.

Шукурджон Зухуров "ұлт көшбасшысы" туралы заңды демократияға қайшы емес деп санайды.

Қазақстанның Совет Одағы құлағаннан бергі үздіксіз президенті 75 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев "ұлт көшбасшысы-елбасы" мәртебесіне 2010 жылы ие болған еді. 

Душанбеде қазіргі Тәжікстан президентіне "ұлт көшбасшысы" мәртебесін бертін заңды қолдау шарасы өтті. 26 желтоқсан, 2015