ШЫҰ саммиті кезіндегі Ташкент көшелері

Ташкенттің негізгі көшелерін жауып тастаған. 

Ташкент көшелері қаңырап бос тұр. 

ШЫҰ саммитіне Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан басшылары келген. 
 

Бұған дейін саммитке бір апта қалғанда қауіпсіздік қызметтері Ташкентке азаматтардың келуі мен кетуін шектегені туралы хабарланған еді.  

Ташкент көшелерінен полицияны ғана көруге болады.  

Ташкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.  

Азаттықтың Өзбек қызметі саммит күндері Ташкентке Совет Одағы кезінде жасалған көліктер кіргізілмей жатқанын хабарлады.  

Ташкент саммиті ШЫҰ құрылғанына 15 жыл толғанда өтіп отыр. Бұл жолы ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан кіреді.

ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мүше.

ШЫҰ серіктестері - Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия мен Шри-Ланка.