Ташкенттің құпия метросы

Ұзақ жылдар бойы суретке түсіруге рұқсат етілмей келген Ташкент метросындағы аялдамалардың бірі

Ташкент метросын суретке түсіруге ұзақ жылдар бойы тыйым салынып келді. Тек маусым айында билік оның ішін түсіруге рұқсат етті. Азаттық тілшісі Амос Чаппл алғашқылардың бірі болып метро станцияларын суретке түсіріп, Орталық Азиядағы алғашқы жерасты жолының сәулет өнері мен ядролық шабуылдан қорғану тәсілдерімен танысып қайтқан еді.

"Ұлы Жібек жолы" (Buyuk Ipak Yuli) станциясына кіре берісте қабырғаға соғылған мүсіндер көзіңізге бірден түседі.

"Ғарышкерлер"(Kosmonavtlar) станциясы. Бұл аялдамадан совет ғарышкерлерінің тізілген портреттерін көруге болады.

"Ғарышкерлер" станциясындағы тұңғыш әйел космонавт Валентина Терешкованың портреті. Көк түстен біртіндеп қоюланып қара түске ауысқан керамика қабырғасы Жер мен ғарыш аралығындағы кеңістікті білдіреді.

"Мақта теруші" (Pakhtakor) станциясынан пойызға мінген жолаушылар.

Өзбек жазушысы Гафур Гулям атымен аталатын станция. Совет дәуірі кезінде метро құрылысы басталмай тұрып, жерасты жол жүйесінің сызбасын жасаушылар қала тұрғындар санының бір миллионға жету қажет екендігін айтты. Ташкент халқының саны 1960-шы жылдардың басында едәуір көрсеткішке жетті.

"Мақта теруші" станциясының жолаушылары. Туннель қазу жұмыстары 1971 жылы қарқынды түрде жүре бастады. Метро 1977 жылы ашылды.

Екі станцияны жалғап тұрған дәліз. 1966 жылы Ташкентте болған қатты жер сілкінісінен кейін метро құрылысын жоспарлаушылар метроның тереңдігін азайтып, оның беріктігіне қатты мән бере бастады. Төбесінде ерсілі-қарсылы көлік пен адам жүріп жатқан көше мен метроның арасы небәрі бірнеше метр ғана болды.

"Мың өрік" (Ming O’rik) станциясында жарым түнде кетіп бара жатқан жолаушы. Метро пойыздары таңғы бестен түн жарымына дейін жолаушыларды тасиды.

Ташкенттегі аудандардың бірімен аттас Чилонзор станциясындағы аспалы шамдар. Кезінде Ташкент метросын әрлеу үшін Совет одағының түкпір-түкпірінен шеберлер шақыртылыпты. Мынау бес метрлік люстралар латвиялық суретшінің дизайны бойынша орнатылыпты.

Өзбек халқының ақындық дәстүрінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танылған Әлішер Науаидың портреті.

Ташкенттегі аудандардың бірімен аттас Новза станциясына пойыз тоқтаған сәт. Метрода көбіне Мәскеу метросындағы пойыздарға ұқсас машиналар жүреді. Бұл модель қатты жүйткіген кезде гуілдеген дыбыс шығарады. Метро билетінің құны - 1200 өзбек сомы (шамамен 15 цент). Бұл пост-советтік кеңістіктегі ең арзан метро.

Совет одағы құлаған соң мұнда да "коммунизм қалдықтарынан арылу" процесі жүрді. Метро станцияларының басым бөлігінің аттары өзгерді. Мысалы, қазір "Әмір Темір алаңы" деп аталатын станция бұрын "Қазан революциясы" станциясы деп аталды.

"Мақтау теруші" станциясындағы мақта мамықтарын елестетін мозаика. Өзбекстан - мақта өндіру бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі. Елде күштеп еңбекке салу тәжірибесіне тыйым салатын құжат қабылданғанына қарамастан мұндай жағдайлар әлі де кездеседі деп айтылады.

Қатты күзетіліп келген метрода 2018 жылдың маусым айына дейін суретке түсіруге рұқсат етілмеді. Оның әскери себептері де болды. Бұл метро ядролық шабуыл жасалған жағдайда одан қорғанатын нысан ретінде де құрастырылған.

Ядролық шабуыл жасалған жағдайда мынау болаттан жасалған үлкен есік әскерилер мен бейбіт тұрғындарды қорғап қалуы тиіс болған.

Метро станцияларының көбінің кіре берісі жұпыны. Кез-келген адам оның ішінде ерекше сәулет өнерінің үлгілері бар екенін біле бермеуі мүмкін.