Орталық Азия елдерінің лаңкестікке қарсы шаралары көңіл көншітпейді

"Талибан" қозғалысы өкілдері өз еріктерімен қаруларын тапсырып жатыр. Ауғанстан, Герат уәлаяты, 27 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Сарапшылар бұл өңірде лаңкестік қаупі өсе түскенін айтады. «Ауғанстанмен шекаралас Қырғызстан мен Тәжікстан қарулы топтардың мекеніне айналып барады» дейді мамандар.

Әдетте Қырғызстан мен Тәжікстанның таулы аймақтарында қыс қатты болады. Ал биылғы қыс тәжік-ауған шекарасы мен Қырғызстанның оңтүстігі үшін мүлдем оңай бола қойған жоқ. Қырғызстан астанасында бірнеше рет бомба жарылды, Тәжікстанда қауіпсіздік күштері мен исламшыл топтар арасында қақтығыстар болды. Бұл екі елде бұған дейін мұндай төтенше оқиғалар жиі болған емес.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИСЛАМШЫЛДАР

Көктем туып, күн жылына бастағанда бұл екі елге қарай Ауғанстаннан содырлар ағыла ма деген қауіп бар.

Сарапшылардың пікірінше, Қырғызстан мен Тәжікстандағы саяси жағдай аймаққа ықпалын арттыруға тырысып келе жатқан исламшыл топтардың қолына өтуі де ықтимал.

Бұл тұста тәжік билігінің әсіресе күдікті исламшыл топтарға қарсы күшейтіп жатқан қауіпсіздік шаралары жергілікті тұрғындар арасында наразылық туғызды. Оған қоса Тәжікстандағы әлдебір әскери топ өз қатарына жаңадан қосылғандарға үш жылға 1500 АҚШ доллары көлемінде ақы төлемек екен деген хабар да тарап кетті.

Қырғызстанда жақында құрылған парламенттік жүйе елдің барлық аймағына бақылау орната алмай жатыр. Әсіресе өткен жылдың маусым айында этникалық қырғыздар мен өзбектер қырылысқан елдің оңтүстігін толығымен бақылай алмай отыр.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Бұл аймақтағы қарулы топтар өз мақсат-мүдделері үшін ұлтаралық араздық тудырып, соны пайдаланып қалуға тырысып келеді.

Қазір Пәкістанда жүрген Өзбекстанның ислам қозғалысы ұйымы Орталық Азияға оралатынын айтады. Бұл ұйым қыркүйек айында тәжік қауіпсіздік
Өзбекстан ислам қозғалысының жетекшісі Усман Одил.
күштерін торып, 28 адамды өлтірген шабуылдың жауапкершілігін мойнына алған.

Ислам қозғалысының өкілі Абдуфаттох Ахмади Азаттық радиосының өзбек қызметіне берген сұқбатында аймаққа қатысты жоспары жетерлік екенін айтқан.

Өзбекстан ислам қозғалысының жаңа жетекшісі Усман Одил Қырғызстандағы этникалық қақтығыстар үшін кек қайтаратындарын мәлімдеді.

«КЕК АЛУ»

Халықаралық тергеу комиссиясының өкілі Киммо Клюнен «маусым қақтығысында қаза болғандардың 74 пайызы, сотқа тартылғандардың 80 пайызы өзбектер болды» дегенді айтады.

«Джейнс» тобының мүшесі Лилит Геворгянның айтуынша, Қырғызстан оңтүстігінде өзбектерге қарсы науқан қазір де жалғасып жатыр.

– Ел үкіметі адамдарды тұтқындап жатыр. Өзбек қауымы көбірек тұратын Қырғызстанның оңтүстігінде ол науқан жалғасып жатыр. Қырғыз билігі «қамауға алынғандар – «Хизб-ут Тахрир» немесе «Өзбекстанның ислам қозғалысының» мүшелері» дейді. Ал өзбектер «жергілікті билік ілік тауып, 2010 жылдың маусымындағы этникалық қақтығыстан кейін өзбектерді осылай қудалап жатыр, – дейді ол.

Өзбекстан ислам қозғалысы Орталық Азиядан жаңа жауынгерлер тауып жатыр. Қырғызстан президенті Роза Отунбаева ақпан айында елдің оңтүстігіндегі қауіпсіздік күштері мен полицияның заңсыз әрекеттері кесірінен 200-дей жас Ауғанстандағы әскери лагерге өтіп кетті деп мәлімдеген.

«Ата-Жұрт» партиясының парламенттегі депутаты Надир Нарматова «қаңтар айында шетелдерден дайындықтан өткен жас экстремистер Қырғызстанға келіп жатыр» дейді. Оның айтуынша, ол экстремистер – Қырғызстаннан өш алуға келгендер.

Маусым қақтығысы кезінде Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасын уақытша жауып тастаған. Eurasianet.org сайтының Бішкектегі редакторы Давид Триллингтің сөзіне қарағанда, ол шараның экономикалық салдары өзбектермен қатар саудамен айналысатын қырғыздарға да ауыр тиген.

8 МЫҢ МИЛЛИЦИОНЕР

Қырғызстан мен Тәжікстанда ұлғайып бара жатқан лаңкестік қаупіне тойтарыс беретіндей дайындығы жоқ.

Қырғызстанның Ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев қаңтар айында «ендігі үкіметтік күштердің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Мулло Абдулло деген атпен мәлім болған Абдулло Рахимовты өлтірдік дегендер осы суретті дәлел етеді. Тәжікстан, 18 сәуір 2011 жыл.
лаңкестікке қарсы тұратындай қауқары жоқ» деді. Оның айтуынша, Қырғызстандағы 5,4 миллион халықты тәртіпке шақыратын барлық милиционер – сегіз мың ғана.

Ал Тәжікстанда Мулло Абдуллоны қолға түсіру, басқа да содырларды ұстау операциялары кезінде 60-тай сарбаз қаза тапқан.

«Сондықтан Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметінің аймақтағы қарулы топтарға қарсы жасап жатқан шаралары – жеткіліксіз. Басымдық содырлар қолына өтіп кетуі әбден мүмкін» дейді бақылаушылар.