Рио паралимпиадасы

5000 метрлік қашықтыққа жарысу.

Екі аяғынан айырылған 38 жастағы ирандық Алиреза Мохтари Хемамидің тас лақтыруға дайындалып отырған сәті.

Австралиялық Дулан Алкотт пен Хэд Дэвидсон жұбы теннистен алтын жүлдені жеңіп алды.

Қытайлық 20 жастағы Янг Кианг үстел теннисінен Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Қос қолы жоқ қытайлық Тао Женг 100 метрге шалқалап жүзуден алтын алды.

Зағип жандар арасында жеңіл атлетикадан 4х100 метрлік қашықтыққа өткен эстафета жарысында Өзбекстан спортшылары қола медаль иеленді.

Сегіз жасында тоққа түсіп, оң қолын шынтақтан төмен жоғалтқан үндістандық Девендра найза лақтырудан паралимпиада чемпионы атанды.

Көзі көрмейтіндер арасында өткен жүзу жарысына қатысушыларға бассейннің қай тұсына жеткенін білдіру үшін бапкерлері олардың денесіне арнайы таяқшалар тигізіп, белгі беріп отырады.

Қолы жоқ ерлер арасында 200 метрлік қашықтыққа жүзу жарысы.

Жаңа зеландиялық Лиам Малони қос аяғынан айырылған спортшылар арасында 200 метрге жүгіруде паралимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.

Бір қол және бір аяғы жоқ қытайлық Ли Лу әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде паралимпиаданың алтын жүлдесіне ие болды.

Мүгедектер арбасына таңылған 36 жастағы египеттік Хани Абделхади пауэрлифтингтен ерлер арасында 88 килограмда жарысқа қатысты. 

Мүгедектер арбасында отырып семсерлесу жарысы.

Қос қолынан айырылған египеттік Ибрахим Хамадтоу үстел теннисі жарысына қатысты. 

 

Зағип спортшылар арасында өтетін голбол ойынына қатысушылар.

Көзі көрмейтін спортшылар арасындағы футбол ойыны.

Қос аяғынан айырылған даниялық Стинна Кааструп ат спорты жарысынан паралимпиаданың қола жүлдесіне ие болды.