СССР көшірген көліктер
Грузия астанасы Тбилиси маңындағы жолда келе жатқан "Чайка" көліктерінің колоннасы. "Чайка" автомобилі СССР көшіріп алған көліктердің бірі еді.
АҚШ-та жүк көліктері конвейері 1932 жылы іске қосылды. Осыдан үш жыл бұрын Генри Форд СССР үкіметімен Ресейде зауыт салу туралы келісім жасасқан еді. Сол зауытта Ford жүк көліктері мен автомобильдерінің ГАЗ-АА сияқты лицензиялық көшірмелері жасала бастаған.
Нижний Новгород қаласында құрастырылған жаңа ГАЗ-АА жүк көліктері. Фордпен ынтымақтастық орнату совет құндылықтарына қайшы келетін сияқты көрінгенімен, СССР көлік жасау технологиясын алуға, мамандарын үйретуге мүдделі болды. Ал 30 миллион долларға келісім жасасқан Ford компаниясы үшін бұл үлкен нарыққа дендей кіру оқиғасы еді.
1935 жылы шыққан америкалық «Бьюик» жеңіл көлігі совет инженерлерінің көзіне түскен.
1939 жылы шыққан Opel Kadett. Сталин Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ СССР-да көлік өндірісін жолға қойғысы келді. Бірақ Opel зауыты бөлшектерге бөлініп, Германиядан СССР-ға соғыстан кейін, яғни 1946 жылы әкетілген.
Зауытты көшіру нәтижесінде «Москвич 400» шықты. Бұл кезде Батыс елдерінде көлік міну жеке азаматтардың игілігіне айналып үлгерсе, СССР-да автомобильді тек шенеуніктер мінді. 1930 жылдары СССР азаматтары көлік міну құқығын ұлттық лотереядан ұтып алуы тиіс болды.
1947 жылы шыққан Ford Super Deluxe Woody Калифорния жағалауындағы ыстық ауа-райына лайықталып жасалған еді.
Бірақ біршама жері ағаштан жасалған көлік үлгісін көшірген СССР-дің шенеуніктері оны боранды, аязды климатта мініп алды. Ондағы мақсат болат үнемдеу болса керек.
1955 жылы шыққан Packard Caribbean өндірісі АҚШ-та аз ғана уақытқа созылды. Бірақ оның дизайны СССР билігіне ұнаса керек - 1959 жылы Совет Одағында дәл сондай көлік пайда болды.
Совет дизайнерлері тек қана АҚШ көліктерін көшірген жоқ. Италиялық Fiat 600d Еуропада танымал көлікке айналып, 1955 жылға дейінгі бес жыл ішінде олардың миллион данасы сатылды.
1961 жылы СССР-да Fiat-тың көшірмесі ZAZ 965 шықты. Олардың тіпті теріс ашылатын есіктеріне дейін бірдей болды. 1960 жылдары СССР азаматтарының кейбірі көлік мінуге қол жеткізе бастады. Бірақ көлік алу үшін ұзақ жылдар кезекте тұру керек еді.
Батыс Германияда 1961 жылы шыққан NSU Prinz 4 көлігі. Автомобиль сағатына 97 километр жылдамдықпен жүретін.
10 жылдан соң совет жолдарында ЗАЗ-968 көліктері пайда болды. Совет инженерлері көліктің екі қапталына тесіктер орнатып, оларды жұрт "қалқанқұлақ" атап кеткен.
Италияда шыққан Fiat 124 көлігі 1966 жылы "Еуропаның жыл автомобилі" атанған еді. Көп ұзамай Fiat зауыты көлік жасау туралы СССР-мен "ғасыр келісімін" жасады.
Fiat СССР үкіметімен Тольятти қаласында зауыт салу туралы шартқа 1964 жылы қол қойған болатын. Жигули (экспортқа шыққан атауы - Lada) Fiat-тың көшірмесі болды. Бірақ оның шанағы қалыңдау болды, Ресей жолдарына төзімді етіп жасалды. Бұл автомобиль 18 жыл бойы үзбей шығарылды. Ал Тольятти қаласы әлі күнге Ресей көлік жасау өндірісінің орталығы болып тұр.