Чех зерттеушілерінің сталиндік лагерьлерге "жорығы"
Сирек кездесетін мына суреттерді бұрынғы сталиндік лагерьлерді зерттеу үшін Ресейге келген чех саяхатшылары түсірген
2009 жылы достарымен бірге Ресейді аралаған Чехия азаматы Степан Черноушек Арктикаға экспедиция жасап, зерттеушілердің назарынан тыс қалған Трансполярлық магистраль жобасын тапқан. Оны бұрын жергілікті тұрғындар "Ажал жолы" деп атаған.
Бұрынғы еңбек лагерінің орны
Ресейдің солтүстік Байкал аумағындағы ескі уран шахтасында ГУЛАГ тұтқындарынан қалған заттар
Черноушек Азаттықтың Орыс қызметіне бұл саяхаттан кейін көп нәрсеге көзі жеткенін айтты. "Ол жерде ГУЛАГ тұтқындарының хаттары болды...күн сайын қолданылған заттар. Нацистік лагерьлердің осылайша жан-жаққа шашырай орналасқаны таңқалдырды".
Черноушек өзге әріптестерімен бірігіп, Gulag.cz жобасын жасаған. Оның мақсаты - сталиндік еңбек лагерьлерін зерттеу.
2009 жылғы Арктикаға сапарынан кейін Gulag.cz командасы Ресейде үш рет болды. Солардың бірінде Кодар тау жотасындағы уран шахталарына барды. Мұнда тұтқындар советтік ядролық бағдарламасы үшін жалаң қолмен кен қазған.
Лагерьлерді арнайы үйретілген иттермен күзеткен. Лагерьлер жабылған соң иттерді атып тастаған. Бірнеше жылға созылған зерттеуден кейін Gulag.cz жобасы лагерьлердің "виртуалды сұлбасын" жасады.
Команда мүшелерінің сапары үнемі сәтті бола бермеген
2013 жылғы сапары кезінде команда мүшелерінің моторлы қайығы бұзылып, төрт күн бойы су ағысымен жүзген
Команда мүшелері сапар кезінде "өзімізді құдды тайга тұтқындары сияқты сезініп кеттік" дейді. Мұнда телефонмен хабарласа алмайсың. Байланыс жоқ. Моторлы қайығы бұзылған зерттеушілерді жолшыбай моторлы қайықтардың бірі құтқарған.
Мұнда жабайы аңдар да бар деседі. Бірақ зерттеушілер олардың ізін көргенмен өздерін көрмеген. Орман мен батпақты жерлерді мылтықсыз жаяу зерттеген саяхатшылар бұған қуанады да.
Тот басқан ескі паровоз
Лагерьдегі тұтқындардың дәретханасы
Бұрынғы советтік лагерьлердің орны. Тақтада "Ресейдің жаңа құрбандары" деп жазылған
2009 жылғы эскпедиция кезінде түсірілген сурет