Қай президенттің ұшағы мықты?

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы үлкен бе әлде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы үлкен бе? Қытай билігі не үшін АҚШ ұшағынан бас тартты?

ИРАН

Иран президенті Хасан Роухани мінген Airbus A340 ұшағы Мәскеуге қонған сәт. 2017 жыл.

Роухани отырған бұл лайнер 20 жыл бұрын Еуропада жасалған.

Роухани Тегеранға келген сәт

2018 жылы АҚШ Роухани мінген Airbus ұшағының операторы Dena Airlines компаниясына санкция салған. Бұл Роуханидің сапарларына көп кедергі келтірді. Себебі Dena Airlines кейбір елдердің төбесінен ұшқаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін.

АҚШ

Boeing 747 ұшағы (Air Force One деген атпен танымал) АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатындағы Рашмор тауының үстінен ұшып барады. Әлемде мұндай екі-ақ ұшақ бар. 2001 жыл.

20 жыл бұрын жасалған бұл ұшаққа әуеде жанармай құюға болады. Ұшақтың ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі бар.

АҚШ президенті бортының дизайнын ұлты француз америкалық дизайнер жасаған. Ол дизайнер - Coca Cola логотипінің авторы.

АҚШ президенті Дональд Трамп Air Force One ұшағында отыр. 2018 жыл.

Трамп 2024 жылы пайдалануға берілетін президенттік борттың дизайнын өзгерткісі келетінін айтқан. Трамптың бұл сөзі жұрт арасында қызу талқыланған.

РЕСЕЙ

Ресей президенті Владимир Путин «Ильюшин» ұшағымен ұшады. Ресейде мұндай үш ұшақ бар. Фото 2008 жылы түсірілген.

Путин мінген ұшақ Сирия әуесінен ұшып барады. Президент бортын әскери ұшақтар алып жүр. 2017 жыл.

Лайнер Ресейде құрастырылған. Ұшақтағы жиһаздар қайыңнан жасалған.

Путиннің ұшағы Делиге келген сәт. 2018 жыл.

2007 жылы желіде "Путиннің ұшағы" деген фото тарап кеткен. Ұшақтағы қолжуғыш пен душ алтынмен жалатылған.

ҚЫТАЙ

Қытай басшысы Си Цзиньпин мінген Boeing 747 пен бірнеше әскери ұшақ Пәкістан аспанынан өтіп барады. 2015 жыл.

Си Цзиньпин мінген ұшақ АҚШ-қа қонған сәт. 2012 жыл.

1990 жылдардың соңында Қытай президенттерге деп Boeing компаниясына арнайы ұшаққа тапсырыс беретін. 2000 жылдары Қытайдың қауіпсіздік қызметі АҚШ-тан келген ұшақтардан «тыңшы құралдар» тапқанын айтқан.

Си Цзиньпин мінген ұшақ Түркияға қонған кез. 2015 жыл.

Осы шудан соң Қытай Air China компаниясының жолаушыларға арналған ұшағын пайдаланды. Бірнеше ұшақтың іші президенттерге лайықталып қайта жасалды. Кейін президенттер сапарынан кейін ұшақ іші қайта жолаушылар тасымалдауға лайықталған.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Airbus A321 ұшағы Мәскеуге қонған сәт. 2019 жыл.

Тоқаев траптан түсіп келеді.

Тоқаевтың лайнері Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағынан (Airbus A330-200) шағын. 66 жастағы Тоқаев 2019 жылы наурызда президент болып тағайындалған. Елді 30 жыл басқарған Назарбаев биыл президенттіктен кеткен. Ол қазір 79 жаста.

Тоқаев мінген ұшақ Мәскеуде.

Тоқаевтың Назарбаевтың ұшақтары мен тікұшақтарына отыра ала ма ол жағы белгісіз. Кейбір деректерде Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де, елде биліктің бір тармағын ұстап отыр) авиапаркінің құны 250 миллион доллардан асатыны айтылады.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ

Ким Чен Ын мінетін Ил-62 ұшағы Совет одағында жасалған. Солтүстік Корея президентінің ұшағы (бортта Ким жоқ) Оңтүстік Кореяға қонған сәт. 2015 жыл.

Ким Чен Ын ұшақ ішінде отыр. Үстелдегі темекі тұқылын тастайтын ыдыстан ұшақта шылым шегуге рұқсат берілгенін байқауға болады.

Ил-62 ұшағының ұшқыштар отыратын кабинасы.

Мұндай ұшақтар 1960 жылдары шығарыла бастаған. Ким Чен Ын мініп жүрген ұшақ 39 жыл бұрын жасалған. 2002 жылы Еуропа одағы Ил-62 ұшағын өз аумағына кіргізуге тыйым салған. Ұшақ моторының дауысы өте қатты шығады.

ГЕРМАНИЯ

Германия канцлері Ангела Меркельдің Airbus A340 ұшағы. 2014 жыл.

Германияда билік өкілдеріне арналған бірнеше ұшақ бар.

Германия үкіметіне тиесілі «Theodor Heuss» деген атпен танымал Airbus ұшағы. 2015 жыл.

2018 жылы Меркель мінген ұшақтан ақау шығып, ол Аргентинадағы G20 саммитіне кешігіп жеткен.

Канцлер Меркель мен сол кездегі елдің сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер үкіметтің ұшағында отыр. 2006 жыл.

2019 жылы Германия қорғаныс министрлігі үкіметке тиесілі үш ұшақтың орнына жаңа ұшақтар алынатынын айтқан.

УКРАИНА

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ан-148 ұшағы. Сурет 2019 жылы Ресей мен Украина тұтқын алмасқан кезде түсірілген.

Зеленский Польшаға келген сәт. 2019 жыл.

Украина президентінде қауіпсіздігі жоғары Airbus ұшағы да бар. Бірақ Зеленский Ресей мен Украина бірігіп құрастырған «Антонов» ұшағымен де жиі ұшады.

Украина президенттерінің бірі мінген Ан-148 ұшағын мұражайға қойған сәт. 2009 жыл.

2011 жылы «Антонов» компаниясының ұшағы әуеде жанып кеткен. Ұшқыштар ақау шыққан ұшақтың жылдамдығын арттырып, тез қондырмақ болған. Борттағы алты адам да қаза тапты.