"Тозаққа қош келдіңіз". 20 жыл бұрын Шешен соғысы басталған

1995 жыл. Ер адам шешен сепаратистерінің туын ұстап тұр. 1994-96 жылы Ресей әскерилері Шешенстандағы көп ғимаратты бомбалап қиратты. Осы жылы федерал әскерилері мен шешен сепаратистері арасындағы соғыс Шешенстанның де-факто тәуелсіздігімен аяқталды.

Шешенстан тұрғыны. 1994 жылы түсірілген сурет. Кремль Ресей билігімен келіспеген шешендерге қатты қысым жасады. Александр Солженицын ГУЛАГ-та бір камерада отырған шешенді шешендер "Совет одағының айтқанына көнбей қойды" деп жазды.

Грозныйдағы жазалау. 1996 жыл. Соғыс Шешенстанды экстремизм мен бұзақылықтың ошағына айналдырды. 1997 жылы аймақ шариғат заңын қабылдап, өлім жазасын қолдана бастады.  

Ресей әскерилері Шешенстаннан Дағыстанға қарай өткен сепаратистік топтармен соғысып жатыр. 1999 жылдың қыркүйегі.

1999 жылы 13 қыркүйекте Мәскеу мен тағы екі қалада көпқабатты ғимараттарда жарылыс болып, 300-ден астам адам мерт болды. Путин бұл жарылысты Шешенстандағы "террористерді" айыптады. Жарылыс Шешенстандағы екінші соғысқа түрткі болды. Елде "Кремль Шешенстанда соғыс бастау үшін жарылысты әдейі ұйымдастырды" деп күдік келтіргендер болды.
 

1999 жылы 1 қазанда Ресей әскерін Шешенстанға кіргізді. Бұл сурет 2 қазанда түсірілген.

Ресей әскерилері Шешенстан "сарбаздарымен" атысып жатыр.

Ресейге қарсы шыққан шешендер федерал әскерилерін барлап тұр. 17 қазан 1999 жыл. 

Ресей әскерінің тікұшақтары Шешенстандағы ауылдарды айналып жүр. Тікұшақтар мен ұшақтар Ресей әскеріне үстемдік берді. Әуеден жауған оқ пен бомбадан талай бейбіт тұрғын көз жұмды.

Ресей Шешенстандағы соғыста "Точка" деп аталатын ракеткасын қолданды. Бұл сурет 1999 жылы қарашада түсірілген. Ал 21 қазанда Ресей әскерилері баллистикалық ракеталарымен Грозныйдың орталығын талқандады. Салдарынан жүзден астам адам мерт болды. Кремльдің бұл әрекетін халықаралық қауымдастық сынады.
 

 Грозныйдың шетіндегі қираған ғимараттың бірінің қабырғасындағы "Тозаққа қош келдіңіздер. 2-бөлім" деген жазу жазылған.

Ресейдің әскери күштері. 2000 жылдың басы. 

Әскерилер Грозныйда Ресей туын ұстап тұр. 2000 жылдың ақпаны. Бұл уақытта Ресей Грозныйды алған еді. 
 

Соғыс кезінде Грозный қаласы қатты қирады.

Ресей әскерилері Шешенстандағы таулар мен ормандарды барлап жүр. Федерал әскерилері Грозныйды басып алған соң шешен "сарбаздары" тау мен ормандарға ойысты. 2000 жылдың ақпаны.

Ресейге қарсы соғысып жүрген шешендер Грозный маңындағы орманда. 1999 жылдың желтоқсаны. 
 

Ресей әскерилері Шешенстандағы тауларды барлап жүр. 2000 жылдың сәуірі.
 

Ресей әскерлері таулардан кеткен соң исламистер қайта күш алды. Ресейдің басқа қалаларында шабуылдай бастады.

2000 жылдың наурызы. Комсомольское елдімекеніндегі атыстан 700-ден астам адам мерт болды. Олардың көбі – бейбіт тұрғын. Наурыздың ортасында Путин Ресейдегі президент сайлауында жеңіске жетіп, мамырда қызметіне кірісті. Кейін Шешенстанды Кремль толық бақылауына алды.

2002 жылы 23 қазанда Шешенстандағы исламистер Мәскеудегі театрға шабуыл жасап, мыңға жуық көрермен, актерлерді кепілге алды. Бұл оқиға жұрт аузында "Норд-Ост" деп аталады. Үш күннен кейін Ресей қарулы жасағы театрға басып кірді. Кремль театрға шабуыл жасағандардың барлығы мерт болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, кепілге алынған 130 адам да қаза тапты. Сарапшылар Ресейдің құтқару операциясын "сәтсіз болды" деп сынады.

Сепаратистер жағында соғысқан Ахмад Қадыров (сол жақта) кейін Кремльдің саясатын қолдап шықты. 2000 жылы наурызда ол аймақ басшысы қызметін атқарушы болып тағайындалды. 2004 жылы ол кісі қолынан қаза тапты. 2007 жылы оның ұлы Рамзан Қадыровты (оң жақта) Кремль Шешенстан президенті етіп бекітті. Содан бері ол Шешенстанды басқарып келеді. Мәскеу соғыстан соң Шешенстанды қыруар қаржының күшімен қалпына келтірді. Бірақ құқық қорғаушылар Қадыров аймақты қорқытып-үркітумен басқарып отыр деп сынайды.  

2009 жылы сәуірде Кремль Шешенстандағы "терроризмге қарсы операция" аяқталғанын мәлімдеді. Бұл қақтығыстан шамамен 50 мыңнан 80 мыңға дейін адам көз жұмды. Көбі - бейбіт тұрғын.