Венаның орталығындағы СССР басшысы Иосиф Сталиннің портреті, 1952 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғынан 1955 жылдың ортасына дейін Вена қаласын одақтастар әскері оккупациялық аймақтарға бөліп басқарған.
Совет офицерлері 1945 жылы Венада жергілікті тұрғындар топ болып өз-өзіне қол салған жерді зерттеп жүр. Совет армиясы Австрия астанасына 1945 жылы сәуірдің ортасында енген. (Евгений Халдей түсірген сурет / TAСС)
Вена көшесінде құрбысымен бірге жүрген советтік әскери қызметкер, 1946 жыл. Венаның батыс бөлігі мен қала маңы америкалықтар, ағылшындар мен француздар бақылайтын аймақтарға бөлінген. Совет әскері Венаның шығыс бөлігін басқарды.
Венаның совет армиясы бақылайтын аймағының шекарасындағы орысша және немісше жазуы бар белгі. Венаның орталығын одақтастардың бірлескен күші басқарды. Оғаш көрінетін бұл жүйе тіпті кейін кинода дәріптелді: оны 1949 жылы Грэм Гриннің романы бойынша түсірілген "Үшінші адам" фильмінен көруге болады.
Бір кездері Габсбургтердің қысқы сарайы болған Хофбургте кешкі ас ішіп отырған совет офицері мен жас әйел.
Венаның орталығындағы қайта жөнделген көпірдің үстімен өтіп бара жатқан трамвайға Австрия мен СССР тулары, совет көсемдері Ленин мен Сталиннің суреттері ілінген, 1946 жыл.
Венаның уақытша бургомистрі Теодор Кернер қаланы азат ету кезінде қаза тапқан совет жауынгерлеріне қойылған ескерткішті ашу рәсімінде сөйлеп тұр. 1951 жылы Кернер төте дауыс беру жолымен Австрия президенті болып сайланды.
Совет генералдарының ортасында тұрған православ священнигі.
Совет әскерилері тұрған пәтердегі бесжұлдыз (шамамен 1946 жылы түсірілген сурет.)
Өзбек ансамблі "Мюзикферайн" концерт залында (қазіргі Вена филармониялық оркестрінің сахнасы) өнер көрсетіп жатыр.
Бойжеткенмен вальс билеп жүрген совет офицері.
Совет оккупациялық күштерінің штаб-пәтері орналасқан Епштайн сарайына ілінген СССР көсемдері Ленин мен Сталиннің портреттері және қызыл бесжұлдыз, 1947 жыл.
Совет жұмысшылары Вена фабрикасында түскі ас ішіп отыр.
Совет әскерінің оккупациялық аймағында болған Венаның шығыс бөлігіндегі тұрғындардың 11 пайызы басқа жаққа кетуді жөн санаған.
1958 жылы совет циркінің Венадан қайтып бара жатқан сәті. Дымка есімді аюды жүк көлігіне тиеп жатыр. Австрия дипломатиясының ептілігінің арқасында одақтастар 1955 жылы елді тастап шыққан. СССР Австрияға НАТО ұйымына енбеу туралы шарт қойған. Австрия бұл талапты әлі күнге дейін бұзған жоқ.