Борис Ельциннің дәурені
1994 жылы шілдеде Красноярск өлкесіне барған Ресей президенті Борис Ельцинді қарсы алушылар мәртебелі мейманға орыстың салт-дәстүрімен нан және тұз ұсынып тұр.
Борис Ельцин (оң жақта) мен АҚШ президенті Билл Клинтон Нью-Йорктегі Гайд Паркте отыр. 1995 жылғы қазан.
Борис Ельцин Татарстан президенті Мінтемір Шаймиевпен бірге түскі ас ішіп отыр, 1994 жылдың тамыз айы. Екеуін Еділ өзені жағасында серуен кемесі күтіп тұр.
Бұл суреттерді Ельциннің ресми фотографтары 1991 жылғы 10 маусым мен Ельцин билікті Владимир Путинге өткеріп берген 1999 жылғы 31 желтоқсан аралығында түсірген.
Фотосуреттер 2015 жылы Екатеринбургте ашылған "Борис Ельциннің президенттік орталығы" музейі мен мәдени орталығының мұрағатында сақталған мыңдаған суреттің бір бөлігі ғана.
Борис Ельцин мен Оңтүстік Африка республикасы президенті Нельсон Мандела 1995 жылғы қазанда Нью-Йоркте БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған шарада бірге тұр.
11 жасар бала кезінде Боря Ельцин қоймадан ұрлап алған екі әскери гранаттың біреуін балғамен сындырып ашпақ болып, салдарынан сол жақ қолының екі саусағынан айырылған еді.
Ельциннің 1995 жылдың көктемінде Ресейдің оңтүстігінде әскери теңізшілермен бірге түскен суреті.
1995 жылдың тамызында Кремльден халыққа телеарнадан сөйлер алдында Ельциннің бетіне опа-далап жағып жатыр.
1994 жылдың қазан айында Ресейге сапармен келген Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Ресей президенті Борис Ельцинмен әңгімелесіп отыр. Бұл большевиктер 1918 жылы орыс патшасы ІІ Николай мен оның отбасын түгелдей қырып салған соң екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзылғаннан бері британ монархының Ресейге алғаш келуі еді. Совет өкіметі бала-шағасымен қоса өлтірген орыс патшасы британ патшайымы ІІ Елизаветаның атасының жақын туысы болатын.
1994 жылғы қыркүйекте Лондонға ресми сапармен барған Ресей президенті Борис Ельцин Ұлыбритания премьер-министрі Джон Мейджордың сөзін ілеспе аударманың көмегімен тыңдап отыр.
1994 жылғы мамырда Татарстанға келген Борис Ельцинге татардың ұлттық дәмі чак-чакты ұсынып тұр.
Борис Ельцинмен бірге Қызыл алаңға серуендеп шыққан Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета сол жерде көрген адамдармен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 1994 жылғы қазан.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) ресейлік әріптесі Борис Ельцинмен кездесіп тұр. Мәскеу, 1995 жылғы наурыз айы.
1994 жылғы маусым айында Ресей құрамындағы Тыва республикасының астанасы Қызыл қаласына барған Ельцинге жергілікті халықтың ұлттық киімі - шапан мен қалпақ кигізіп жатыр.
Ельцин АҚШ президенті Билл Клинтонмен бірге Неаполь қаласында серуендеп жүр. Италия, 1994 жылғы шілде айы.
Ельцин мен Клинтон Кремль ауласындағы әйгілі "Патша зеңбіректің" алдында тұр. 1994 жылғы қаңтар.
1992 жылғы қаңтарда Брянск облысына келген Борис Ельциннің сөзін тыңдау үшін кейбіреулер көшедегі ағаштың басына шығып алды.
Борис Ельцин мен Жапония премьер-министрі Рютаро Хашимото (сол жақта) және өзге ресми адамдар 1997 жылғы қарашада Енисей өзенінде қайықта отыр. Ельциннің оң жағында отырған Борис Немцовты кейін, 2015 жылы Мәскеуде Кремльдің түбінде атып өлтірді. Бұл сурет Борис Немцов Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тұрғанда түсірілген.
1997 жылғы қыркүйекте Орлов облысына келген Ельцин түрлі дәм қойылған дастархан басында тұр.
Ельцин мен Швеция королі Карл XVI Густав салтанатты қарауылдың қасынан өтіп бара жатыр. Стокгольм, 1997 жылғы желтоқсан.
Ельцин 1997 жылы Швецияға барған сапарында осы елдегі тақ мұрагері Виктория ханшайымның бетінен сүйіп тұр.
Солдан оңға қарай: Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Асқар Ақаев және Ресей президенті Борис Ельцин. Мәскеу, 1997 жылдың қазан айы.
Борис Ельцин Мәскеудегі "Манеж" көрме кешені ашылуында жұртқа қол бұлғап тұр. 1997 жылдың қыркүйегі.
Ельцин 1997 жылы шілдеде Карелияда өткізген демалыс кезінде бильярд ойнап жүр.
Борис Ельцин зайыбы Наинамен бірге. Кремль, Мәскеу, 1997 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр, АҚШ президенті Билл Клинтон және Германия канцлері Гельмут Коль сынды әлемнің жетекші елдерінің басшыларымен бірге G8, яғни "Үлкен сегіздік" кездесуіне қатысқан Борис Ельциннің Денвердегі көпқабатты зәулім үйдің төбесінде тұрып түскен суреті. АҚШ, 1997 жылғы маусым айы.
АҚШ президентінің зайыбы Хиллари Клинтон (сол жақта) Наина Ельцинамен қол алысып тұр. Екатеринбург, Ресей, 1997 жыл.
1999 жылы 31 желтоқсанда Борис Ельцин көпшілікке қол бұлғап тұр. Сол күні ол Ресей президенттігінен кетіп, Владимир Путинге (сол жақта) билікті тапсырды.
Он жылға жуық Ресейді басқарған Ельциннің биліктен кетуіне негізінен экономикалық қиындықтар әсер етті. Бірақ кейбіреулер ол 1991 жылы Совет одағы күйрегеннен кейін Ресейде жүргізілген түбірлі саяси реформалар кезеңінде елде азамат соғысының алдын алды деп санайды.
Борис Ельцин 2007 жылғы сәуірде 76 жасында қайтыс болды.