Апта айшықтары

Карачидегі темір жолдарды кесіп өтіп бара жатқан тұрғындар. Пәкістанда жыл сайын жүздеген адамды пойыз қағып кетеді.

Үндістандық балықшылар қайықтарына балық толтырып алып, базарға апарып сатады. Гувахати қаласындағы Брахмапутра өзенінің жағалауы. 
 

Грек мүсіншісі орнатқан "Қол шатырлар" мүсінінің астында суретке түсіп жатқан адамдар. Греция, тамыз айы 2018 жыл.
 

Күн батар шақта серуендеп жүрген жұрт. Мәскеу, тамыз айы 2018 жыл.

Ганг өзеніне сүңгуге ұмтылған үндістандық кішкентай бала. Үндістанның Аллахабад қаласы, тамыз айы 2018 жыл. 
 

Валенсия маңынан елу шақырым жердегі Бунол елді мекенінде жыл сайын өтетін қызанақ фестиваліне қатысушылар. Бұл шараны тамашалау үшін әдетте, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер жиналады. Биылғы фестивальға 20 мың адам қатысқан. Оларға бір-біріне қызанақ атуы үшін 160 тонна қызанақ түсірілген. 

Жаңа оқу жылының алғашқы күні палестиналық балалар мектепке кетіп бара жатыр.  
Хеврон қаласы, Палестина, тамыз айы 2018 жыл

Төрт жыл бұрын болған Иловайск шайқасында қаза тапқандарды еске алу үшін Киевтегі Ресей елшілігінің алдына жүздеген крест орнатылды. Украина, 29 тамыз 2018 жыл  
 

Македониялық ортодокс ағымының өкілдері Скопьедегі шіркеуде май шам жағуға тырысып жатыр. 
 

Егде азамат Ресей президенті Владимир Путиннің зейнетақы реформасы туралы айтқандарын көріп отыр. Путин зейнетақы реформасын сәл жұмсартқан, бірақ бұл халықтың ашуын одан сайын өршіткен. 

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Ялта жағажайында демалып отырған екеу.

Германияның шығысындағы Хемниц қаласында наразылар полицияға қарсы қолдарын сермеп тұр. 25 тамызда фестиваль өтіп жатқан кезде бір адамды пышақтап өлтіріп кеткен. Полицияның айтуынша, оған "түрлі ұлт өкілдер" арасындағы төбелес себеп болған. Содан бері бірнеше күн бойы наразылар көшеден кетпей қойған.
 

Ресей түрмесінде аштық акциясын жалғастырып жатқан украиналық режиссер Олег Сенцовтың босатылуын талап еткен демонстрант Прагадағы Ресей елшілігінің алдында тұр.

Тигриз өзені маңында орналасқан көне қала Хасанкейфтің жалпы көрінісі. Түркия, 27 тамыз 2018 жыл 
 

Бірнеше күн бұрын қайтыс болған АҚШ сенаторы Джон Маккейннің портреті жанында жылап тұрған әйел.  
 

Минск маңындағы көл жағалауында пианино тартып отырған музыкант. Free Piano деп аталатын шараға далада пианино тартқысы келетін адамдар шақырылады.
 

Ауыр атлетика бойынша 105 килограмнан артық салмақтағы спортшылардың өнер көрсетуі. Түркіменстандық спортшы Қожамұхаммед Тойчиевтің штанг көтеру сәті. Индонезия, 27  тамыз 2018 жыл

Ресейдің Красноярск өлкесіндегі ауылдарда арпа алқабын шауып жүрген комбайндар. Сурет төбеден түсірілген. 

Капхен қаласында "Біріктіру шіркеуінде" бір күнде шамамен төрт мың адам некесін қиған. Оңтүстік Корея, 27 тамыз 2018 жыл