Анталиядағы Кремль Palace қонақүйі ресейлік туристер ең көп келетін орындардың бірі болатын
Желтоқсанның басында Кремль Palace жағажайы бос жатыр. Әдетте бұл жерден ресейлік туристер үзілмейтін.
Анталиядағы үлкен орыс матрешкалары.
Бес жұлдызды Delphin Palace отелін бұрын ресейлік туристер басып жататын.
Ресей туристері жиі келетін сувенир дүкенінде де қазір кісі аяғы саябырсыған.
Анталиядағы Ольбия отелінің қожайыны Ахмет Хамди Қарагөз Ресеймен арада болған визасыз режим мен ұшақпен келу уақытының екі сағаттан аспауы қаланы туристер орталығына айналдырғанын айтады.
Ольбия отелінің рестораны желтоқсаннан бастап бос тұр.
Көбінесе ресейлік туристерге қызмет көрсететін Анталиядағы Mudemo tur туристік агенттігінің қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұрғанын айтады.
Кезінде саудасы қайнап жататын Анталиядағы ішіктер мен былғары дүкені.
Анталиядағы Sea Life спа-отелі де ресейлік туристер көп келетін орын еді. Қазір мұндағы қонақтардың дені - Еуропа елдерінен келген туристер.
Mamma Ruski рестораны Анталияда тұратын орыстар мен Ресейден келетін туристерге қызмет көрсететін орталық іспетті болатын.
Анталия жағалауында 300-ден астам бес жұлдызды отель бар.
Анталия жағалауы қыс айларында да туристерге толы болатын. Мұндағы температура желтоқсанда 20 градус жылы болып тұрады.