Мұсылман сән үлгісіндегі қазақ оюлары
Әмина Федоренко (суретте өзі тікен киім үлгісін жарнамалап тұрған дизайнер): "Талабыма сай зайырлы ортаға интеграциялануға сеп болатын мұсылманша киім үлгісі шығар деп ұзақ күттім. Ондай ыңғайлы киім тапсам, өзім айналыспас едім. Таппағандықтан алғашқы қадам жасадым".
"Мен тігетін киімдер арқылы адамдардың мұсылман әйелдер туралы теріс стереотиптерден арылуын, ал қыздардың өздерінің мұсылман екенін мақтан тұтуын қалаймын".
"Идеямды тартымды етіп жеткізу үшін фактурасы әртүрлі маталарды қолданам".
"Аксессуарға, түйреуіштерге, түймелер мен өзге де фурнитура элементтеріне арнайы тапсырыс берем. Кейде бір ерекше, сапалы түймені табу үшін көп уақыт шығындап, бүкіл қаланы шарлап шығам".
"Тек дизайнға емес, сапаға да көп көңіл бөлінеді. Детальдарға ерекше мән береміз, лазермен кестелеу болсын, жай астар салу болсын".
"Классикалық стиль мен ұлттық нақыштар салынған қазіргі тенденцияларды ұштастырып, матаға эксклюзивті дизайнерлік принт басамыз".
"Түрлі идеяларды іздеп жүрем, әр коллекциямда қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдануға тырысам. Бірақ бұл өрнектерді Түркияда «османлы оюлары» деп атайды".
"Ресейдің Кавказынан, Германиядан, АҚШ пен Малайзиядан жиі тапсырыс түседі. Түрлі нәсіл мен ұлт өкілдері біздің ою-өрнек түскен көйлекті киіп, тұтынушы ретінде риза болып алып жатыр".
"Өзім тіккен киімді өзім қалаған түрде таныстыруға тырыстым. Бұл жағынан алғанда 2000 жылдардың ортасында қазақстандық телеарналарда жұмыс істеп жинаған тәжірибем көп көмек болды".
"Бірнеше фотографпен жұмыс істейміз. Ал декорацияны өзім таңдаймын, коллекцияның тақырыбын өзім қоям, фотографқа ол жағынан көп жұмыс қалдырмаймын".
Дәстүрлі мұсылман киімдерінің стилі мен реңі араб елдерінде, түркітілдес елдерде, Кавказ елдерінде әрқилы. Малайзиядағы мұсылман киімі ашық әрі түрлі-түсті, араб елдерінде дәстүрлі қара түсті, Түркияда консервативтік стильді, Кавказда көйлек пен етекті киімді (юбка) ұнатады, еуропалық мұсылман қыздар туниканы қалайды, түркі елдерінде ұлттық нақыштар түскені керек.
"Биыл жыл соңына дейін Стамбулда Орталық Азияға байланысты «Жібек жолы» атты тематикалық коллекциямның презентациясын өткізсем деп жоспарлап жүрмін".