Түркия мен Сириядағы жойқын зілзала салдары

6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласында қираған үйлердің қасында тұрған адамдар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Түркиядағы бірінші зілзаладан соң 32 афтершок тіркелді, олардың алтауының магнитудасы 6-дан асты. Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы дүмпуді Түркия тарихында 1939 жылдан бері болмаған күшті апат деп атады. Оқиға орнынан түсірілген фотоларға қарасақ, Кахраманмараш қаласында тұтас аудандар жермен-жексен болған.

Суретте: Кахраманмараш қаласындағы қираған ғимараттар. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Түркияның кемінде 10 ірі қаласы зардап шекті, ең аза дегенде 1700 үй қирады. Түркияның Диярбакыр қаласында да көп ғимарат бүлінген.

Суретте: Диярбакыр тұрғындары қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Дүмпу Түркияның Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфа қалаларында және бүкіл аймақта – Кипр, Ливан, Грузия, Армения және Сирияда байқалған. Әсіресе Сирияда зілзаладан опат болғандар көп.

Суретте: Диярбакырдағы құтқарушылар қиранды арасынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Сирияда да біраз ғимарат қираған. Соның ішінде Дамаск пен Латакия қалаларында құлаған үй көп.

Суретте: Сирияның қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Қарулы топ бақылауындағы Идлибте құтқарушылар құлаған үйден опат болған адамның денесін шығарып жатыр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Қарулы топ бақылауындағы Жандарис қаласында құтқарушылар зілзалада қираған үй орнынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Жандарис қаласында құтқарушы зілзалада қираған үй орнынан табылған баланы алып барады.  Сирия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Сирияның Алеппо қаласындағы құтқару операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, зілзала зардабымен күреске көмектесуге 45 ел ниет білдірген. Арасында НАТО мен Еуроодақ мүшелері, Ресей мен Украина бар. Әлемнің бірнеше елі, соның ішінде Ресей, Германия, Франция және Иран Сирияға көмектесуге ықылас танытқан.

Суретте: Адана қаласындағы құтқарушылар иттің көмегімен үйінді қарасында тірі қалғандарды іздеп жүр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында үйінді арасынан тірі қалғандарды іздеу операциясы. 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Құтқарушылар аман қалған қызды әкетіп барады. Диярбакыр қаласы, Түркия. 6 ақпан, 2023 жыл.
 

Диярбакырдағы зілзала салдары. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.

Сирияның Латакия қаласындағы қираған үй. 6 ақпан, 2023 жыл

Диярбакырда құлаған үй тұрғындарына ас таратып жатыр. Түркия, 6 ақпан, 2023 жыл.