Тұзды боран Түркіменстанға жетті

Your browser doesn’t support HTML5

Түркіменстанның Дашогуз және Лебап уәлаяттарында құм аралас тұзды боран көтерілді. Ұйытқыған желдің Өзбекстанның Арал теңізі жағалауындағы Қарақалпақстан автономиясынан басталғаны айтылады. Өзбекстанның Хорезм, Бұхара және Науаи облыстарында да осындай боран көтерілген. Бұл облыстар Түркіменстанның Лебап уәлаятымен шектеседі. Дашогуз уәлаяты Түркіменстанның экологиялық апатты аймағы ретінде белгілі. Арал теңізінің құрғау зардабы осы аймақта ерекше сезіліп отыр. Аймақтағы судың сапасы нашар, топыраққа тұз байланғаны айтылады.