Түрме қызметкері "қырындаған" әйел әділет іздейді. Комитет факт расталмады дейді

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы тұрғыны тергеу изоляторының қызметкерінен харассмент көргенін айтып шағымданды. Келіншек "мекеме қызметкері күйеуімнің қамауда екенін біле тұра, нөмерімді сұрап, қырындады, намысыма тиді" дейді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "тексеріс жүрді, факт расталмады" деп жауап берді.