Биліктің бейүкіметтік ұйымдарға қысымы неден басталды? Таққан айыбы қандай?
Your browser doesn’t support HTML5
Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар дабыл қақса да, Қазақстан билігінің тәуелсіз ұйымдарға қысым көрсетуі жалғасып келеді. Елдің салық органдары екі үкіметтік емес ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды. Тағы он шақты тәуелсіз ұйым салық органдарының шешімін күтіп отыр. Адам құқығы мен сөз бостандығын бақылайтын ұйымдар істің "саяси астары бар" дейді. Азаттық билік таққан айып пен ұйымдар позициясын шолып шықты.