Майдан құрбандарын еске алу

2014 жылы Киевтің тәуелсіздік алаңында (Майдан незалежности) билікке қарсы жаппай наразылық кезінде үкімет күштерінің оғынан қаза тапқан "Небесная сотня" қаһармандары құрметіне орнатылған ескерткіштің алдында тұрған әйел.

2014 жылғы ақпанның 18-22 аралығында Киевтің орталығында милиция арнайы жасағының оғынан жүзден астам адам қаза тапқан.

Олар Киев Майданына үкіметке қарсы жаппай наразылық білдіріп шыққан болатын. Халық наразылығы сол кездегі Украина президенті Виктор Янкуовичті елден қашуға мәжбүр етті. Елде билік ауысты.

2014 жылғы ақпанның 22-і күні милиция арнайы жасағының оғынан Киевтің орталығында 40-тан астам адам қаза тапқан. 

Қақтығыс болғанға дейін Украинаның Еуропа Одағымен ассоциациясы туралы келісімге қол қоюға дайындықты тоқтатқан Николай Азаров басқаратын үкімет пен президент Виктор Януковичтің шешіміне наразы мыңдаған тұрғын Киевтің орталығына бейбіт шеруге шыққан еді. 

Қарашаның 30-ына қараған түні негізінен студенттерден құралған демонстранттар тобы мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Бұл оқиғаға бей-жай қарамаған жүздеген мың адам көшеге шықты. Көтерілісті күшпен басу әрекеті биліктің ауысуына алып келді.

Укаринада ақпанның 20-сы - "Небесная сотня" қаһармандары күні деп жариялаған.

"Небесная сотня" қаһармандары құрметіне қойылған ескерткіште "Біз бәрін де көріп тұрмыз. Небесная сотня" деген жазу бар.

"Небесная сотня" қаһармандары құрметіне қойылған ескерткіш алдында көзіне жас алып тұрған әйел.

Еске алу шарасы кезінде дін қызметкерлері Киевте 2014 жылғы қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың рухына бағыштап дұға қылды.

Киевтегі "Небесная сотня" қаһармандарына қойылған ескерткіштің қасынан өтіп бара жатқан жастар.