Белсенділердің сөзіне қарағанда, "бұл әншілер Украинаға қарсы қарулы басқыншылық жасауға шақырған саясаткерлер мен шоумендердің қолынан сыйлықтар алуға ұялмайды".
Белсенділер сөзінше, Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен соғыс төртінші жылға созылған тұста әншілердің Ресейге барып өнер көрсетуі орынсыз.
Белсенділер қарсылықтарын білдіру үшін Ресей туы және ақшасы бейнеленген материалдармен ауыздарып жауып, "қанмен жазылған" плакаттар ұстап шықты.
Олар Ресейге барып өнер көрсететін музыканттар туралы жазылған үндеу парақтарын таратты.
Жақында Ресей әншілерінің Украинаға гастрольмен келуін реттейтін заң қабылданған. Ол бойынша, концерт ұйымдастырушылар Украинаның қауіпсіздік қызметінен шақырған әншілерінің елге кіруіне рұқсат алуы керек. Алайда Украина әншілерінің Ресейге гастрольдері ешқандай заңмен реттелмеген. Киев пен Батыс елдері Мәскеуді "Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдайды" деп айыптайды. Батыс елдері 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алғаны және Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейге қарсы санкциялар жариялаған.