"Кейінгі 10 жылдағы ең қанды қақтығыс". Украина Бахмут үшін шайқасты жалғастырып жатыр
15 сәуірде Бахмуттағы шайқастан оралған украиналық солдат.
Ресей әскері мен "Вагнер" жеке әскери тобы бірнеше айдан бері Бахмут қаласын басып алу үшін барып салып жатыр. Бірақ Украина күштері қаланы қорғап тұр.
Бахмуттағы ауыр шайқастан кейін Киев әскерін арнайы жерге апарып, олардың демалып, күш жинап алуына мүмкіндік жасап жатыр. Сәл дамылдап алған әскерилер шайқасқа қайта аттанады.
Ресей қорғаныс министрлігі 16 сәуірде "Вагнер" жекеменшік әскері Бахмуттың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы екі блокты басып алды деп мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
"Қаланың ортасында кейінгі 10 жылдағы ең қанды қақтығыс болып жатыр. Біздің әскерлер жаудың күші мен рухын сындыру үшін қанды әрі ауыр шайқаста қолдан келгенін істеп жатыр" деді Украина әскерінің шығыс бөлігінің өкілі Сергей Череватый "1+1" телеарнасына берген сұхбатында.
Киев Бахмутты ақпанның аяғында тастап кетпек болған, бірақ наурызда Мәскеу күштерін көп шығынға ұшырату үшін Бахмуттағы шайқасты жалғастыратынын мәлімдеген.
Украина символына қадалған Ресей президенті Владимир Путиннің басы.
Киев Бахмут үшін шайқаста көп әскері мен техникасынан айырылғанын мойындайды. Бұл қалада соғысқа дейін 70 мыңдай адам тұрған еді. Сарапшылар "Бахмут шайқасы – Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жаяу әскер арасында болған ең ауыр қақтығыс" дейді.
Украиналық әскерилер шайқастан кейін тынығып жатыр. 14 сәуірде түсірілген фото.
Бахмут үшін шайқаста Мәскеу де көп шығынға ұшырады. Ресей бұл қаланы алып, Донецк облысында әрі қарай жылжуды көздейді.
Украиналық әскерилер тамақ дайындап жатыр.
Украина әскерилері демалатын жердегі діни атрибут.
Бахмуттағы ауыр шайқастан оралған украиналық солдат. 15 сәуірде түсірілген фото.
Украина Ресей оккупациялаған жерлерін қайтару үшін қарымта шабуылға шығатынын мәлімдеген. Бірақ ауа райы, Батыс елдері берген қарудың Украинаға жетпеуі, қарудың аздығы шабуыл бастауға кедергі келтіріп тұр.