Бомбадан жасырынатын жертөледе тұрып жатқан кішкентай қыз. Кейбір адамдар бұл жерді бір жылдан бері мекендеп келеді.
19 баланы қосқанда 40 адам паналайтын жертөле жан сақтауға сеп. Атысты тоқтату туралы бітім ақпан айында күшіне енгеніне қарамастан, Донецкіні бомбалау тыйылмай тұр. Қала тұрғындары үйлеріне қонуға қорқады.
Жертөле қабырғасындағы "Бізге бейбітшілік керек" деген жазу.
Жертөледегі төсегінде отырған 75 жастағы Мария.
Светлана үш баласымен осында. Оның кенжесі әлі жасқа толмаған.
Ұялы телефоннан музыка тыңдап тұрған бала.
Ресей телеарнасын көріп отырған кішкентай қыз.
Күндіз сырғанақ ойнап жүрген балалар. Олардың ата-аналары күн жарықта сыртқа шығып ойнауға рұқсат етеді.
Украинаның сепаратистер шоғырланған Донецк қаласында мыңға жуық адам жертөлелер мен бомбадан пана болатын орындарда тұрады.